Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі) Оқушыларға медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқымқуалау аурулары, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Дамытушылығы) Денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі) Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және олардың маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Сабаққа қолданылатын әдістер:
ауызша, жазбаша, дәріс - сұхбат, көрнекілендіру, өзіндік жұмыс, сынақ, топпен
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулықтар, сызбанұсқалар

І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Оқу - құралдарын тексеру
- Тәртіп, тазалықты қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
§44. Адам генетикасы және оның әдістері. Тұқым қуалау әдістері. 78 - 80 сурет, кесте
1. Сызбанұсқа арқылы түсіндіру
Адам генетикасы

Генеологиялық
Цитогенетикалық
Егіздік
Биохимиялық
Популяциялық
Иммунологиялық

2. Балама тест
1. Генеологиялық әдіс ----------------- а) тектік қор
2. Цитогенетикалық әдіс -------------- ә) зат алмасу
3. Егіздік әдіс ------------------------------ б) донор
4. Иммунологиялық әдіс --------------- в) гемофилия
5. Биохимиялық әдіс -------------------- г) трисомия
6. Популяциялық әдіс ------------------- ғ) қант диабеті
-------------------------------------------------- д) резус фактор
-------------------------------------------------- е) инсулин
-------------------------------------------------- и) шежіре
-------------------------------------------------- й) археология
------------------------------------------------- к) эпилепсия
Жауабы: 1 - в, и; 2 - г; 3 - к; 4 - б, д; 5 - ә, ғ, е, й; 6 - а.
ІІІ. Бекіту сабағы
(Сыныптағы оқушыларды 2 - топқа (генотип тобы, фенотип тобы) бөліп, генетика тарауы бойынша қорытындылау)
1. Сызбанұсқа арқылы түсідіру
Генетика
Медицина
табиғатты қорғау
Әлеуметтік фактор
Адам денсаулығы

2. Генетикалық таңбаны білесің бе?
Р -
О -
О -
Х -
F -
A -
a -
3. Заңдылықтар сырын ашайық
1. Біркелкілік заңы
2. Белгілердің ажырау заңы
3. Белгілердің тәуелсіз тұқымқуалауы
4. Тіркес тұқымқуалау
5. Ұқсас қатарлар заңы
А. Мендель Ә. Морган Б. Вавилов

4. Суреттер сөйлейді (берілген суреттер бойынша сипаттама айту)
5. Хромосомалық аурулар
(Берілген көп нүктенің орнына тиісті анықтама сөзді жазу)
1.............(ер адам ауырады, жыныс бездері дұрыс жетілмеген, аяғы ұзын денесіне сәйкес келмейді, ақылы кем, басы кіші) 44+ххү⁼47
2............(әйелдер ауырады, жыныстық жетілу баяулайды, бедеу, бойы тапал, ақыл – есі кем, ашуланшақ, жұмысқа қабілеті төмен)
44+х0⁼45
3............(әйелдер ауырады, денесі алып болады, ақылы төмен, жыныстық дамуы дұрыс емес)
44+ххх⁼ 47
4........( бойы шамадан тыс ұзын, әлсіз, жүйке жүйесінің дамуында кемістік бар)
44+хүү⁼47
5............( ақыл - есі кем, бойы аласа, беті дөңгелек, көздері қысыңқы, бір - біріне жақын орналасқан, кішкентай аузы үнемі ашық)
21 - ші жұп хромосомалар ххх, 47 хх немесе 47 хү

Жауабы:
1. Клайнфельтер синдромы
2. Шершевский - Тернер ауруы
3. Трисомия ауруы
4. Алып еркек ауруы
5. Дауна ауруы

6. Гендік аурулар (Анықтамалармен жұмыс)
брахидактилия -
полидактилия –
ахондроплазия –
сидактилия –
альбинизм –
алькаптонурия -
идиопатия –
фенилкетонурия –
гемофилия –
гемералопатия –
дальтонизм –
рахит –
Жауабы:
А) аутосомда доминантты:
брахидактилия - қысқа саусақтылық
полидактилия – алты саусақтылық
ахондроплазия – ергежейлік
сидактилия – саусақтары біріккен

Б) аутосомды рецессивті:
альбинизм – пигментсіздік
алькаптонурия - гомогентизин қышқылы көп
идиопатия – мишықтың өзгеруі
фенилкетонурия – ақылы кем

С) жыныспен тіркескен рецессивті:
гемофилия – қан ұйюдың төмендеуі
гемералопатия – түнде көрмеу
дальтонизм – түсті ажыратпау
рахит – жіліктердің қисаюы

7. Есептер шығарайық
1. Бер: тұқымның сары болуы АА
тұқымның жасыл болуы аа
алынатын бірінші ұрпақ?
2. Бер: Бірінші ұрпақ будандарын өзара будандастырғанда алынатын ұрпақ?

IV. Үйге тапсырма
Генетика тарауын қайталау
V. Бағалау
16 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Адам генетикасы
Адам генетикасы
Медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×