Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның экологиялық жағдайы

14 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру, туған табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, ядролық апатқа жол бермеу салаларын қарастыру, талдау.
Ата – бабамыздан қалған кең байтақ жеріміздің болашақта, арқа сүйер ұл – қыздары болып өсіп, мықты мамандық иесі болуларына, қоғамда оз орындарын таба білулеріне қол ұшын беру.
Экологияның тағы бір саласын ашу. «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» көрсете білулеріне тәрбиелеу. Туған жердің табиғатын қорғап, оны көздің қарашығындай сақтауға үйрету.
Көрнекіліктері: Мақал - мәтелдер, таным, тыйым сөздер, түрлі – түсті өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, ситуациялық сұрақтар, слайдтар, А. Құнанбаевтың портреті.
Пәнаралық байланыс: экология, химия, география, әдебиет.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
11 сыныптың «Биология» оқулығының соңғы тарауы негізінде сыныпты екі топқа бөле отырып өткізілді. Алдын – ала «Қазақстанның экологиялық жағдайы» атты шығармашылық жұмысты слайд түрінде өткізу тапсырылды.
Онда берілген мәліметтер қосымша материалдар арқылы көркемдеу мен материалдардың нақтылығына көңіл бөлінді.
Сабаққа ауылдың Су канал, СОРЭС, Ауылдық аурухана мамандарын шақыру.
Сабақта берілген слайдтағы сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Кіріспе сұрақтар:
1. Болашақта қандай мамандық иесі болғыларың келеді?
2. Қанша жаста жанұя құрғанды қалар едіңдер?
3. Ата - ана болғанда балаларыңның қандай Мемлекетте өмір сүргенін қалайсыңдар?
4. Ата – бабамыздан мұра болып қалған кең байтақ жеріміз бен табиғатымызды бағалай білу үшін не істеуіміз қажет?
Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң Жуасбек Арманның шығармашылық жұмысы тыңдалды. Соңында табиғатқа әсер етуші факторлар түрлерін талдауға кесте толтыру берілді. Қай топтың оқушылары бірінші болып, әрі дұрыс толтырады сол топ тақтаға шығып жазады.

1.
2. Қазақстанның экологиялық жағдайы адамдарға қалай әсер етеді?
3. Ауа бассейні қадай жағдайда ластанады?
4. «Арал тағдыры – ғаламдық проблема» дегенді қалай түсінесің?
5. ЮНЕСКО шешімі не берді?
6. Үстірт ол не? Ол туралы не білесіңдер?
7. Барса Келмес қорығы қайда орналасқан? Ол туралы аңыз не білесіңдер?
8. ХХ - ғасыр адамзатқа несімен қиын болды?
9. Қазақстанның жер көлемі қанша?
10. Жер көлемінің сонау ұлан-ғайыр байтақ жеріміздің топырағының түрлері қандай?
11. Топырақ түзілісінің факторларын атап беріңдер?
а/ Бастапқы аналық жыныстар;
б/ Ауа райы;
в/ Жер бедері;
г/ Уақыт;
д/ Өсімдіктер мен жануарлар;
е/ Адамның шаруашылық әрекеті.
12. Сызбаны түсіндіріңдер:

13. Еліміздің суы жайында не айтуға болады?
14. Су қабатын зерттейтін сала? Мал қора, моншалардың – ас су көзінен қандай қашықтықта орналасуы қажет? Неліктен?
15. Дистильденген су неге зиянды?
16. Жер үсті және жер асты суларын пайдалану? Қайсысы санитарлық жағынан таза деп ойлайсың?
17. Құрамындағы қандай химиялық заттарға байланысты судың түрлерін ажыратуға болады?
18. Популяцияның дамуына әсер ететін факторлар?
19. Биогеоценоз жайында алғаш пікірлер ұсынып, кейін жаңалықты ашқан кім?
20. Қоректік тізбек құру. Түстерін әртүрлі етіп орналастыруымның мәні неде?

21. Өсімдіктер мен жануарлар жайында не білеміз?
22. дәрілік өсімдіктер саны нешеге тең?
23. Неге Қазақстанды одақ ішіндегі «Дәрілік өсімдіктер – Отаны» деп атайды? Нешінші орында?
24. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? Барлық мүшелерің қолдана беруге бола ма?
25. Жануарлардың қандай емдік қасиеттері бар?
26. Жануарларды қорғауда \қазақстанда қандай шаралар жүргізілуде?
27. Қорық түрлері, қорықшалар, ұлттық парктер;
Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен... атты екі слайдты оқушылар дайындаған еңбегінен қарастырылады.
28. Осы жағдайларды тудыратын, бүлдіретін, есі шығып «қалпына келтіремін...» дейтіндер кімдер?
Осы табиғатымызды сан – қыры жағынан танығымыз келсе «білім» деген теңіз тұнығына тереңдей түсуіміз керек. «Артымызға қарайық!» пікір - талас өткізу. Ойларын өз еркімен әрі ашық айтуларына жағдай туғызу.

Ситуациялық сұрақтар:
Болашақта еліміздің қай қаласында білім алғың келеді? /Тақтада Талдықорған, Алматы, Астана қалаларының суреттері берілді, таңдағандарына байланысты астыларында тапсырмалар жасырылған/.
• Қоршаған орта және адам
• Тұрмыстық қалдық заттар
• Адамның табиғатқа іс – әрекеті қазіргі уақытта саналы түрде жақсарып келеді.
Тапсырмалардағы тақырыпты аша отырып, тыйым сөздер мен мақалдар кем дегенде бестен айту.
Қазақ халқының табиғатпен етене байланысын нақтылап, қорыту үшін ауа райын болжау баяндалды.
1. Көктемде құстар ұясын ағаштардың күнгей жағына салса.... /жаз салқын болады/.
2. Кемпірқосақтың жасыл бояуы басым болса..... /жауын ұзақ жауады./
3. Күн ұясына қызарып батса, ертеңіне..... / күн жылы болады/.
4. Егер күзде ағаштардың жапырақтары тез әрі барлығы түсіп қалса,..... /қыз ерте, суық болмақ/.
5. Жауынның тамшылары ірі болса,............. /жауын ұзаққа бармайды/.
Сабаққа қатысқан мамандармен тілдесу. Оқушылар ойынан не түйіндеуге болатынын талдау.
Екі топтан көзге түскен, білімдерін мысалдармен тереңдете түскен оқушылар «үздік», «жақсы» деген бағалармен бағаланады.
Сабақтың қорытындысын шығару және Абай Құнанбаевтың сөзімен сабақты аяқтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 008
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар...
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар...
Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×