Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл ғажайыптары

21 наурыз 2016, Дүйсенбі
Тақырып: Жаңа жыл ғажайыптары

Жүргізуші 1: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздердің өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ тілейміз.

Жүргізуші 2:
Құтты болсын қонақтар!
Жаңа жылың тағы да.
Қол соғып қарсы алайық,
Шақырайық ортаға
Ертеңгілігін бастасын
«Ерекетай» ортаңғы тобы да.
Балалар әуенмен залға кіреді

Жүргізуші1:
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, пейілмен,
Баршамыздың төрінде – деп балаларды тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Балалардың тақпақтары
Жүргізуші: Жаңа Жылда бізге қонаққа келіп, көп сыйлық беретін ол кім?
Балалар: Аяз ата
Мыстан кемпір мен Кикимора келеді
Мыстан кемпір: Мен мыстан кемпірмін, би билеп, ән саламын балаларға сыйлықты да беремін. Жыл сайын Аяз ата, Аяз ата деп шақырады да жатады.
Кикимора: Соны айтам ау біздің Мыстанның Аяз атадан қай жері кем?
Жүргізуші: Бірақ балалар сіздерді күткен жоқ еді. Сонда да біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз қайда?
Кикимора: Қайда, қайда дем алып жатыр олар
Ақшақардың дауысы естіледі
Ақшақар: Аяз ата қайдасың! Ау!
Мыстан кемпір: А! Аяз атаны таба алмай жүрсің бе? Қазір саған аяз ата келеді. (шығып кетеді)
Кикимора: Ал сендер ауыздарыңды жабыңдар, онда сендерді өзіммен бірге орманға алып кетемін.
Ақшақар кіреді
Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Балалар сәлеметсіңдер ме? Аяз ата әлі келмеді ме? Ол қайда жүр екен? Мүмкін қазір келіп қалар, ал біздер балалар мерекені жалғастыра берейік!

«Жаңа Жыл» әні айтылады
Мыстан кемпір аяз атаның киімін киіп келеді, шыршаның астына әкеліп қапшықты тығып қояды.
Мыстан кемпір: Сәлем балалар! Қалдарың қалай! Мынаны тығып қояйын, мыналар алып кетіп жүрер.
Ақшақар: Аяз ата сен қайда болдың? Мен сені көп іздедім ғой!
Мыстан кемпір: Сен мені неге іздеп жүрсің, келем дегесін келем, міне мен мұндамын.
Ақшақар: Аяз ата біздің ақшақарларымызды қайда тастап кеттің?
Мыстан кемпір: Кімді, а, ақшақарларды ма? Олар мұнда. Ақшақарым мұнда кел.
Кикимора ақшақардың киімін киіп келеді
Ақшақар: Аяз ата мына ақшақарыңыз қызық екен.
Мыстан кемпір: Солай ма? Мен оны байқамаппын. Ал, ақшақарым ән айт.
Кикимора: Мен көңілді ақшақармын. Ақ мамықтай аппақпын.
Мыстан кемпір: Жарайды доғар әніңді.
Ақшақар: Аяз ата ақшақарлар олай билемейді ғой.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, бимін, тақпақпын
Қане, менің кішкентай сіңлілерім биге шығыңдар.
«Ақшақарлар» биі
Ақшақар: Аяз ата бізге балаларды құттықтау керек.
Мыстан кемпір: Құттықтау дейсің бе? Ол қалай?
Ақшақар: Аяз ата саған не болды? Бізге шыршаның шамдарын жағып, шыршаны айнала би билеп, балаларға сыйлық беруіміз керек.
Мыстан кемпір: Әй, мынау не дейді? Соның бәрін мен жасаймын ба? Ой, менің қартайған жасымда мынау не деген қиын жұмыс еді а? Жарайды ақшақар қане, әніңді баста.
Кикимора: Орманда шырша өсіп тұр, онда жалғыз ине тұр.
Ақшақар: Тоқтатыңдар, тоқтатыңдар! Бұл ән дұрыс емес қазір балалар сендерге әнді қалай айтатындарын көрсетеді.
«Сырғанақ» әні
Балалардың тақпақтары
Мыстан кемпір: Жарайды әнді айттық, тақпақ айттық, ал, енді маған сіріңке әкел.
Ақшақар: Ол не үшін ата?
Мыстан кемпір: Қалай не үшін, мен енді шыршаны жақпаймын ба?
Ақшақар: Аяз ата сен бүгін біртүрлі қызықсың. Шыршаны сіріңкемен емес, сенің сиқырлы таяғыңмен жағады ғой.
Жүргізуші: Аяз ата шыршаны жағу үшін «Шырша шамдары жарқыра!» деген сиқырлы сөздерді айтып, таяғыңды сермеуің керек.
Мыстан кемпір: А, солай ма? Ендеше әй шырша жан тез, бол (шыршаны айналып, секіріп жүреді)
Кикимора: Сен Мыстан не істеп тұрсың, жағып жіберейік оны сіріңкемен міне сонда нағыз қызық болады.
Ақшақар: Жарайды ата сенің айтқан сөздеріңе шырша шамдары жанбайтын сияқты. Аяз ата бәрі Жаңа Жылды күтуге дайындалып жатыр. Көріп тұрсың ба? Айтпақшы, сен осы мана неге көп кешіктің?
Мыстан: А, мен үйде футбол қарап, отырып қалдым. Маған олардың сырғанағаны ұнайды.(еденде ары - бері сырғанап жүреді)
Ақшақар: Саған не болған ата, ол футбол емес, хоккей ғой.
Мыстан: Әй мейлі не болса да, маған бәрібір, енді мен не істеуім керек соны айтшы?
Ақшақар: Балалармен бірге ойын ойнауымыз керек
Мыстан: Ойын дейсің бе? Қандай ойын ойнасақ екен? А, таптым! Біздер жасырынбақ ойнаймыз. Әй, ақшақар сен ана тұрған қапшыққа кір, ал біз сені іздейтін боламыз.
Ақшақар: Жоқ ата, біз үнемі басқа ойын ойнайтын едік қой.
Мыстан: Ал бүгін жасырынбақ ойнаймыз. Айттым бітті.
Ақшақардың басына қапшық кигізіп қояды
Мыстан: Алақай, біз жеңдік!
Жүргізуші: Сендер не істедіңдер а? Балаларда Аяз ата да, Ақшақар да жоқ енді олар не істейді?
Мыстан: Не істегені қалай? Мен мұнда не үшін тұрмын? Қазір біз балалармен ойын ойнайтын боламыз.
«Кім шапшаң?» ойыны
Аяз Атаның дауысы шығады
Аяз ата: Қызым, Ақшақарым қайдасың?
Кикимора: Нағыз аяз ата келе жатыр. Қашыңдар, тығылыңдар!
Аяз ата: Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа Жылдарың.
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем!
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Уәде бергесін сендерді Жаңа Жылдарыңмен құттықтағалы келіп отырмын. Сендерде неге тып - тыныш. Ән қайда, би қайда?
Мыстан кемпір шығып, бара жатырғанда Аяз ата көріп қалады
Аяз ата: Балалар, менің ақшақарымды көрдіңдер ме? Шанаға салып қойған сыйлыққа толы қапшығым да жоқ, оның қайда кеткенін де білмей қалдым. Әй, мынау кім тағы?
Мыстан: Мен Аяз атамын
Аяз ата: Кім дейді? Ал, мен кіммін сонда?
Мыстан: Мен қайдан білейін?
Аяз ата: А, сені ма? Қазір тұра тұр.
Мыстан: Мә, анда қараңдар Ақшақар келе жатыр.
Балалар басқа жаққа қарап тұрғанда мыстан кетіп қалады.
Аяз ата: Әй, манағы қайда кетті?
Жүргізуші1: Ата, сіз ұзақ жол жүріп келдіңіз шаршаған боларсыз, сәл отырып дем алыңыз ал балалар сізге тақпақ айтып береді
Балалардың тақпағы (аяз ата туралы)
Жүргізуші2: Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған биін тамашалаңыз
«Құртақандар» биі
Аяз ата: Рахмет балаларым сендер тақпақты да, әнді де жақсы айтады екенсіңдер, биді де жақсы билейді екенсіңдер. Менің осы ақшақарым қайда кетті екен?
Жүргізуші1: Аяз ата оны мыстан кемпір алып кетті
Аяз ата: Не дейді? Сол мыстанды ма? Қолыма түссін осыдан көрсетемін мен оған.
Жүргізуші: Балалар, біздер Аяз атаның көңілін көтеру үшін «Аяз ата» әнін айтып берейікші.
Мыстан Ақшақарды алып шығып кетпекші болады
Мыстан: Мынаны қалай алып кетсем екен, а? Ананың қасынан қалай өтемін?
Аяз ата: А, сен мұнда жүр екенсің ғой? Ақшақарым қайда? Әкел оны мұнда
Мыстан: Жоқ мен оны бермеймін. Оны мен таптым.
Аяз ата: А, солай ма қазір мен сені қатырып тастайын!
Мыстан: Жоқ, жоқ тек ашулана көрме, қазір мен сендерге ақшақарды да, сыйлықтарыңды да қайтарамын, тек сендер менің тілектерімді орындасаңдар болды.
Аяз ата: А, сыйлықты да сен кеткен екенсің ғой!
Жүргізуші: Ол қандай тілек, біз сенің айтқандарыңның бәрін орындаймыз, тек Ақшақарды қайтарсаң болды.
Мыстан: Осы балалар манадан бері қазақша сөйлеп жатыр, әй, осылар бір ауыз ағылшынша біледі ме екен?
Жүргізуші2: Балалар біздер балабақшада ағылшын тілінде үйренеміз ғой, я? Ендеше қане ағылшынша тақпақ айтып берейікші.
Гүлшат Дәурен Дильназ
Мыстан: Мә, бұларды қара, былдырлап әрең сөйлеп жүргендерімен қоймай, ағылшынша тақпақ жаттап алып ты ғой. Әй, жарайды енді мен мына балалармен жарысқым келіп тұр. Сендер білесіңдер ме мына менің сыпыртқым бар ғой, зырылдап ұшқанда оған ештеңе жете алмайды ғой.
«Кім тез?» ойыны
Жүргізуші: Балалардың шапшаңдықтарын байқадың, тағы айтатын тілегің бар ма?
Мыстан: Мен жас күнімде өте керемет билейтін едім, әрі өте керемет сұлу едім. Осы отырған балалар менен артық билер ме екен?
Жүргізуші: Балалар, қане, біз Мыстанға қалай билейтінімізді көрсетейікші.
«Жастар» биі
Аяз ата: Әй, Мыстан балалар сенің тілектеріңді орындады, енді бізге Ақшақарды алып кел!
Мыстан Ақшақарды алып келеді
Мыстан: Ақшақарларыңды алып келдім, алыңдар! Ал сыйлықтарыңды өздерің тауып алыңдар. Қой мен тағы бірдеңе бүлдірмей тұрғанда мына жерден кетіп қалайын.
Аяз ата: Мына Мыстан менің сыйлықтарымды қайда тастады екен?
Жүргізуші: Аяз ата алдымен мына шырша шамдарын жағуға көмектесіңізші.
Аяз ата: Ал, балалар бәріміз бірге «Шырша шамдары жарқыра!» деп айтайық.
Жүргізуші2: Балалар шырша шамдары жанып, Жаңа жылдың келуі таяп қалды, бірақ кететін Жаңа жыл қандай жыл болды екен?
Жылқы:
Сәлеметсіңдер ме балақайлар!
Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
Мен келемін қуанып,
Мол шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен,
Дос боламын шаттанып.
Жүргізуші:
Келді міне Жаңа жыл.
Думандатты шартарап
Той, мереке, салтанат,
Тартуларын арқалап – деп келген Жаңа жылымызға арнап балалар тақпақтармызды айтайықшы.
Жүргізуші: Балалар мана мыстан кемпір келгенде, оның қолында Аяз атаның қапшығы болып па еді? Ол оны қайда тығып қойды екен? Қане, балалар сол сыйлықтарды тауып алайықшы.
Аяз ата: Балаларым мынау менің сендерге әкелген сыйлығым. Қане, қызым көмектесші балаларға таратуға. Ал, Жаңа жыл еліме, халқыма құт болып ен. Мына балаларды өзіңе тапсырамын. Балалар, қонақтар менің кететін уақытым болды. Басқа да балаларды құттықтап сыйлық таратуым керек. Сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар!
Жүргізуші: Осымен біздер ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
6 841
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
Жаңа жыл!
Жаңа жыл!
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады. Арамыздағы құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Жаңа жыл 2023 жыл
Жаңа жыл 2023 жыл
Бүгін келді жаңарып, Қонжық тобы тағы да. Би билейді, ән салады, Жасыл шырша жанында.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×