Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі

06 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Сауат ашу пәні бойынша өткізген сабағы.
ТАҚЫРЫБЫ: Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі.
ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары: 0. 1. 1. 2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
0. 2. 1. 1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
0. 2. 1. 2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады.
0. 3. 3. 1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін нəтиже:
Барлық тəрбиеленушілер:
Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды ажыратады.
М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м дыбысының орнын ажыратады.
М əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:
Сұраққа жауап беріп, берілген суретті мазмұндайды.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
М дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы м дыбысының орнын ажыратады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
М дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат: Тəрбиеленушілер:
Сурет бойынша сөйлем құрастырады. М əрпін ұқсатып заттарды табады.
ҰОҚ - дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Балалар суреттегі қай баланың қылығы ұнайды?

Өткен ҰОҚ - дан алған білім Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0 – 2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3 – 5 мин.
Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын!
Бейсенбінің күні,
сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Педагог айнаны көрсетіп, балаларға сұрақ қояды.
Балалар біз айнаны не үшін қолданамыз?
Ал айнаға қарап өзімізді қарайықшы!
Балалар айнаға қарап шаштарын, киімдерін түзетеді. Айнаға күлімсіреп қарайды. Əдемілік туралы əңгімелеседі.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,
№1қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Үмбеталина Гүлсім Жансұлтанқызы

Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі. жүктеу
3 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Мен білетін жақсы сөздер. Сөз
Мен білетін жақсы сөздер. Сөз
Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі
Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау
Н дыбысы мен әрпі. Негеш бізде қонақта.
Н дыбысы мен әрпі. Негеш бізде қонақта.
Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×