Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Н дыбысы мен әрпі. Негеш бізде қонақта.

17 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қысқа мерзімді жоспар Сауат ашу пәнінен
Бөлім: 1
Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі. Негеш бізде қонақта/р/
1 сынып
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары: 1. 1. 1. 2 Шағын мәтіннің/ақпараттың мазмұнын түсіну
1. 1. 3. 1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1. 2. 9. 1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 3. 12. 1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу

Табыс критерийлері: Барлық оқушылар: «Н» дыбыстары және әріптерімен танысады, Негеш сұрақтарына жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: «Н» дыбыстарына мысалдар келтіреді, оқиға ретін сақтай отырып әңгімелейді.
Кейбір оқушылар: «Н» дыбыстары және әріптерімен танысады, мәтінді әңгімелей отырып, сөздегі н дыбысының орнын анықтап дәлелдей алады.

Басы
Ширату жаттығуы. Қызығушылықты ояту.
«Төрт қадам алға..» 5 минуттық жаттығуы орындалады. Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады да, «Алға – төрт қадам» (алға жүреді), «артқа төрт қадам» (артқа жүреді)»менің аяғым топ – топ дейді» «аяқтарын топылдатады), «менің қолым шапалақтайды» (шапалақтайды), «менің көзім жыпылықтайды» (көздерін жыпылықтатады), «ал, мен секіремін» деп әркім өз орындарына отырады. Оқулықпен жұмыс. 1 сурет бойынша балалардың не туралы айтып жатқанын болжап, диалог құрастыру керек. Бұлтша ішіндегі суреттердің атауын атап, сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтайды.

Ортасы
Білгіш» ойынын орындау барысында мұғалім балаларға септік жалғауының сұрақтарын қояды. Оқушылар тек Н әрпінен басталатын сөздермен жауап беруі тиіс.
- Кім?- Нұрлан
- ненің?- нанның
- Қайда?- Нарынқолға
Осылайша жалғастыру. Аталаған сөздер мектеп тақырыбына сай іріктелгені дұрыс
Ойыңмен бөліс. Оқушыларға суреттегі заттардың аттарын атау тапсырылады. Әр заттың атын тапқан соң сөздерді буынға бөледі. Дыбыс құрамына ажыратады, яғни сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықтау жұмысы жүргізіледі.
Дыбыстар әлемі
Сөйлемді оқып,»н» дыбысы бар сөзді табу.
Тәуелдік, жіктік жалғауының қарапайым түрлерін пайдалануға дағдыландыру:
«Сиқырлы қорап» ойыны
Дөңгеленіп отырып қорап ішіндегі пианино, лего, машина, теннис суреттеріне қарап,(Менің теннисім дейді де келесі балаға жалғап «Сенің нең?» деп сұрақ қояды.
Немесе Оның несі? Сенің нең? Оқушылар түгелдей сұрақ қойып жасау беріп шығады.
Дыбыстық талдау
Теннис, машина, лего сөздерін талдап н дыбысының орнын анықтау.
Н дыбысына ереже шығарту.
«Дәптермен жұмыс
Н әрпін ауаға және дәптерге жазу

Кел, сөйлесейік!
Дәптерге кемпірқосақтың суретін салады да, әр түсті буынға бөліп айтады. Кемпірқосақтың жеті түсі сурет бояуларымен байланысты көрсететінін айтылады, тапсырманы дамыту үшін кемпірқосақтың түстерін сынып ішіндегі заттардан табу ұйымдастырылады.

Н дыбысы мен әрпі. Негеш бізде қонақта жүктеу
3 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау
Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі
Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі
Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×