Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжайды.
Мұғалімнің көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, дене шынықтыру
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақтада жазу
Бастапқы білім: Дыбыс, буын, сөз, сөйлем.

1. (МК; Ұ) Психологиялық ахуал. /1 мин /
Шеңберге жиналып, бір - біріне жылы лебіз, тілек айту.
2. Топқа бөлу. / 2 мин /
Суреттерден кластер құру арқылы топқа бөлінеді.
Құрастырған суреттері бойынша ұлттық ойын туралы қысқаша әңгімелейді.(теңге ілу, арқан тартыс, көкпар)
- Тағы басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер? (асық, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, бәйге, сақина салу, орамал тастамақ, теңге ілу, ханталапай)
(Қ): От шашу арқылы бағалау.
- Ұлттық ойын ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Бұл ойындар бізді епті болып өсуге жетелейді. Қазір біз сіздермен сол ойынның бірі «Орамал тастау»ойынын ойнаймыз. Орамалды кімнің алдына тастаймын сол оқушы «иә», «жоқ» деп жауап берулеріңіз керек.
3. Ойын «Орамал тастау». / 2мин /
- В дыбысы дауысты дыбыс па? (жоқ)
- Велосипед дегенде бес буын ба? (жоқ)
- Ауылда трамвай бар ма? (жоқ)
- Трамвай деген сөзде в дыбысы бар ма? (иә)
- В дыбысы дауыссыз дыбыс па? (иә)
- Автобус деген сөзде үш буын ба? (иә)
- Велосипед сөзінде в дыбысы сөздің басында кездесе ме? (иә)
(Қ): Жұлдызшалар арқылы бағалау.

4. - Бүгін біз ұлттық ойын тақырыбын және В дыбысы мен әрпі тақырыбын жалғастырамыз.
Сабақ барысында топтар арасында бәйгеге түсеміз.
- Ал, бәйгеден озып шыққан топқа сыйлығым бар. Қандай сыйлық екенін табу үшін мына жұмбақты шешіп көріңдер.

Ұ) «Ойлан, тап» (4 мин)
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен?
(Аквариум)
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе?
- Оны көргендеріңіз бар ма? Қайдан?
6. (МК). Слайд «Аквариум» суретін көрсету. (4 мин)
В дыбысы мен әрпі жүктеу
2 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхатқа. Жж дыбысы мен әрпі
Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×