Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек тәрбиесі

15 қыркүйек 2018, Сенбі
Қысқа мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі педагогика
Тобы: 3МДТ - 15 б/б
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

Сабақтың тақырыбы: Еңбек тәрбиесі
Сабақ мақсаттары:
1. Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері және ерекшеліктері туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың даму мазмұнын ашу, меңгерту.
2. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан - жақты үйлесімді етіп дамыту.
3. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырыққа, өзара жақсы қарым - қатынастағы көңіл - күйге, алғырлыққа тәрбиелеу және өмірде тиімді пайдалана білу.
Бағалау критерийлері: Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктерімен танысады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну, қолдану, меңгеру
Сөздік қор: Іскерлік, дағды, дербестік,
Құндылықтарды дарыту: Топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу.
Пәнаралық байланыстар: жалпы психология, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі психология, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік психологиясы, анатомия, физиология
Алдынғы меңгерілген білім: Педагогикалық жағдаяттар

Ұйымдастыру кезеңі Фишбоун әдісі
Сұрақтар:
1. Ситуация дегеніміз не?
2. Неміс философы К. Ясперс жағдаяттарды нешеге жіктеді?
3. Жағдаят бұл құндылықтар жиынтығы деген ғалымдар -?
4. Баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсеткен орыс психологы -?

Педагогикалық ситуациялар
№1 топ: Балабақшаға таңертең келген Қанат терезе алдында тұрған гүлді көтеріп басқа жерге қоймақшы болып оны құлатып, сындырып алады. Ол қобалжып, тәрбиешіге болған жағдайды айтып берді. Тәрбиеші мұқият тыңдап алып, былай дейді: «Жақсы, Қанат, сен бүлдіріп алып айтып бердің. Қазір біз оны екі қызбен бірге ретке кетіреміз». Тәрбиеші баланың қылығына басқа балалардың назарын аударып, өзі кінәсін мойындағанын айтып берді.
Сұрақ: Педагогтың тәрбиелік тәсіліне баға беріңіз. Құрбыларының ортасында Қанаттың қылығын мадақтау арқылы тәрбиеші не мақсат көздеді.

2 топ: Айгүл балабақшаға екі күн ғана келді. Тамақтануға отырған кезде Айгүл тек қана компотты ішетінін айтты. Тәрбиеші онымен келісті, бірақ қыз өзі алып келген қуыршағын тамақтандыруды ұсынады. «Қуыршағым кеспе ішпейді. Ол да компотты жақсы көреді», - деді. Педагог не істеу керек?
Ұсыныс: Айгүлді өз еркімен қалдыру, кешке ата - анасымен сөйлесу.
Айгүлді қызықтыру мақсатымен басқа балалардың тамақтанғанын көрсетеді. Ауырып қалмас үшін тамақ ішу керектігіне көзін жеткізеді.

3 топ: Үш жасар Марал серуенге шығуға өзі киіне бастады. Бірақ, жейдесін, колготкиін айналдырып кигенше басқа балалардан қалып қойды.
Не істеу керек?
Ұсыныс: Маралға тез киінуге көмектесу. Өзі киінгенше күте тұру. Топта күтушімен қалдыру. Сіздің ұсынысыңыз?
Оқытушының аты - жөні: Хайруллаева А. Б.
Еңбек тәрбиесі. жүктеу
2 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі
Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері және ерекшеліктері туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәнінің оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×