Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәрумендер - денсаулық кепілі

28 қыркүйек 2023, Бейсенбі
Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы:Дәрумендер -     денсаулық кепілі
Мақсаты:Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында, пайдалы және пайдасыз тамақтар туралы түсінік беру, логикалық ой - өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу , 
Міндеттері:Өз қылықтарына баға беруге үйрету, сыйластыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:Көкөністер, жемістер, дәрумен ағашы, слайд, хат, аппликация, карточкалар

 
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, түсіндіру, тақпақтар, дидактикалық ойын, слайд, карточкалармен жұмыс
Іс-әрекет 
кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекетіБаланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы 
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбер:
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін ұстазға,
Ашық болсын айымыз.
Тату болсын халқымыз,
Аман болсын досымыз.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық  бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.
Балалар шаттық шеңберге тұрып тақпақ айтады.
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту
- Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетімізде дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз.
 Дәрумендер - дегеніміз не? Орысшасы қалай аталады? 
Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. 
Біздің күнделікті ішіп жүрген тамағымыз жайлы мен тақпақ оқып берейін. 
Тамақты ішсең күнде сен, 
Белгілі бір мезгілде, 
Таңертең, түс, түстен соң, 
Жатар алды кезінде, 
 
Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен? 
Дұрыс. 
 Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.
Балалар, теледидарға назар аударайық. Бізге Дәрумендер әлемінен Дәрумендер сәлем жолдап жатыр.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз дәрумендерміз, біз туралы көбірек білгілерін келсе суреттерге назар аударыңдар.
Слайдпен көрсету
Мен А дәруменімін . Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер балабақшада күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде ішіп-жеп жүрген балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларыңа күш-қуат беремін.
-Ал мен В деген дәруменмін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. Бұл В дәруменін жеп өскен баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп жақсы жүгіретін боласыздар.
Мен С дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды.
-Мен Д дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені жеп өскен баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де сүйектерің мықты болып өседі.
- Мен Е дәруменімін. Мен адамдардың жүкесін жақсартып, бүкіл ағзасына күш-қуат беремін және де жасушалардың жаңаруына үлес қосамын. Мен майларда және жаңғақтарда боламын. 
 Балалар біз сендерге керекпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін біздермен дос болыңдар. Сонымен  балалар, біз дәрумендердің қандай түрі бар және қандай пайдасы барын білдік.
-Балалар, біздің есігімізді біреу қағып тұр. Кәне көрейік кім келді екен. Бізге хат келді, кәнеки көрейік кімнен келді екен.
-Сәлеметсіңдерме балалар.Менің аты-жөнім   Динара Маратовна. Менің екі ұлым бар Арсен және Әділ.Олар балабақшаға барады. Олар жаман балалар емес, маған көмектеседі, ойнаған ойыншықтарын жинайды, жануарларды ренжітпейді,таңғы жаттығулар жасайды.Ең қырсықтығы тамақ ішкенде  Арсен еркелеп : «Жемеймін,жегім келмейді! Ботқаны жемеймін,сорпа дәмді емес!» мен чипсы жегім келеді, кола ішкім келеді, шоколад жеймін деп жылайды. Сондықтан мен былай деп шештім «Солай ақ болсын!Жемесең қой!» Арсен көп ауыратын бала болып қалды, ойнамайды, көмектеспейді, қайғылы ән тыңдайды. Неге менің балам осынай болып қалды,білуге көмектесіңдер.
(ер балалар бейнеленген сурет көрсетіледі)
-Арсен қайсысы?
Неге сендер олай деп шештіңдер? 
-Балалар сендерде Арсен сияқты болғыларын келе ме?
-Дені сау адам бұл
-Ауру адам бұл
Неліктен Арсен сондай әлсіз болып қалды? 
Оған қалай көмектесуге болады? 
Балалар, дәрумендер сендерге бір ойын дайындап қойыпты, ойнаймыз ба? 
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай жеміс немесе көкеніс?»
Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысы да керек екенін есімізге сала отырып, қане барлығымыз денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
Терезені ашайық, 
Таза ауа кірсін деп.
Жаттығуды бастайық,
Деніміз сау болсын деп. Смешарикпен жаттығу жасайық
Дәрумендер сендерге бір ойын дайындап қойыпты, сол ойын арқылы сендердің білімдерінді тексермекші. Сендердің алдарында қызыл және жасыл тарелка тұр, қызыл тарелкаға пайдасы жоқ тағамдарды және жасыл тарелкаға пайдалы тағамдарды жапсырыңдар.
Бұл тапсырманы біз екі топқа бөлініп орындаймыз. Бір сапқа тұрамыз 1,2 деп санаймыз 1 санын атағандар қызыл тарелканы 2 санын атағандар жасыл тарелканы жапсырады.
Жақсы орындадыңдар дәрумендердің тапсырмасын. 
 Ал енді, балалар, мен сендерге сыйқырлы Дәруменді ағаш жасауын ұсынғым келіп отыр. Жасайық па?
Ендеше міне алдарыңда әртүрлі жеміс пен көкеністердің пішіндері жатыр. Ортада желім, қылқалам, түрлі-түсті жіп тұр. Сендер өздеріне ұнаған жемісті не болмаса көкеністі таңдап алып желімдеп жіппен бояйсыңдар. 
Жасаған жұмыстарын сыйқырлы Дәруменді ағашқа ілейік. 
Ал енді біз білеміз қандай тағам пайдалы және қандай тағам біздің ағзамызға зиян келтіреді екен, енді біз Асанның анасына жауап жазып хат жібереміз. Асанның неліктен ауру болып қалғанын айтамыз. Келешекте қалай тамақтану керек екенін айтып береміз.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Дәрумен – Витамин – Vitamins(витименс)
Балалар тақпақты тыңдайды.
Төрт мезгіл. Таңертең, түс, түстен соң және де жатар алды кезінде.
Балалар есікке назар аударады.
Сол жағындағы Арсен.
Арсен арық,еңкіш,көңілсіз, ауыра береді.
Жоқ, болғымыз келмейді.
Көңіл-күйі көтеріңкі,бақытты,қуанышты, дені сау, кұші көп.
Мұңлы,көңіл-күйі жоқ,дене бітімі кішкентай)
Пайдасыз тамақ ішті, ол кола, чипсы, кетчуп, кириешки, шоколад жеді. 
Пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата білуі қажет.
Балалар ойын ойнайды, қолдарымен сезіп жеміз, көкеністерді атайды.
Балалар шеңберге тұрып, тақпақ айтады, жаттығу жасайды.
Теледидардан смешарикпен бірге жаттығу жасайды.
Дидактикалық ойының шартын тыңдап алады, екі топқа бөлініп ойынайды.
Балалар Дәруменді ағаш жасауға келіседі. Жұмысқа кірісед. 
               
Қауыпсіздік ережесін естеріне түсіреді, жұмысты бастайды.
Балалар Асанның анасына хат жазатынын айтады.
Рефлексивті-түзетушіМен сендерден интервью алғым келіп тұр. Балалар, бүгінгі сабақта біз не істедік? Не білдік?
Дәрумендердің қандай түрімен таныстық?
Сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
Қандай қиындықтар кездесті?
Бүгін сендер керемет жақсы балалар болдыңда, тапсырмалардын барін орындадыңдар, ақылды болдыңдар. Сол үшін менің сендерге дайындап қойған тосын сйым бар, дәруменді шашлыктар.
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. АВСДЕ дәрумендермен танысқанын айтады. Пайдассыз тамақтарды атайды. 
Өздерін бағалайды.
Балалар дәруменді шашлыктарды алып, рахметін айтады.
Күтілетін нәтиже: 
Нені білу керек:Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.
Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.
Дұрыс тамақтану керек.
Нені игереді:Сұрақтарға жауап беру.
Суреттерді әңгімелеу
Берген тапсырмаларды орындау
Нені біледі:Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры,
байланыстыра сөйлеуі 

Тлегенова Ләззат Едилханқызы
ШҚО , Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы,
М. Ломоносов атындағы орта мектеп 
Мектепалды даярлық тобы

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
1 201
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкеністер туралы түсінік беру. Міндеті: 1. Жемістер мен көкеніс тер туралы түсінік беру. 2. Жемістердің пайдасы туралы түсінік беру. 3. Баубақша сыйымен таныстыру
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жемістер
Жемістер
Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстер мен пішіндерін ажыратуға. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру. Үш орталыққа бөлу арқылы берілген тапсырманы мұқият орындай білуге үйрете отырып, «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың - жаны сау»
Дәрумендер – денсаулық кепілі
Дәрумендер – денсаулық кепілі
Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой - өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сөз көлемі мен сөздік қорды молайту. Олардың адам денсаулығына пайдалы екендігін ұғыну.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×