Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер мен көкөністер

16 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелік: Адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: көкөністер мен жемістер суреті, муляждар, қуыршақ театры, музыка.
Алдын - ала жұмыс: көкөніс, жеміс - жидектердің қағаздан қиылған бейнесі.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту сәті Венн диаграммасы.
Сөздік жұмыс: «береке», «ырыс», «молшылық», «жомарт».

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?
- Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Өткен оқу іс - әрекетін еске түсіру.
- Балалар қане кім маған төрт түлікті атап береді?
- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
- Төрт түліктің төлдерін атайықшы?
- Өте жақсы, балалар.
Іздену – ұйымдастырушы Жаңа оқу қызметімен таныстыру. Балалар қазір мен сендерге өлең оқып беремін.
Өрік, шие, бәрі бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
- Балалар бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?
- Неліктен күзді жомарт күз деп атаймыз?
Дәнді дақылдарға: күріш, бидай, жүгері жатады.
- Берекелі күздің сыйлары көкөністер мен жемістерге тоқталамыз. Көкөністерге: қауын, қарбыз, жуа, картоп, сәбіз, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ, қызылша, қияр, жатады. Көкөністер жерде, бақшада өседі, ал жемістер ағашта өседі. Жемістер мен көкөністер дәрумендерге өте бай. Көкөністерді тамақ пісіргенде қолданамыз. Ал жемістерді жейміз, тосап, шырын қайнатамыз. Қане балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақ білеміз бе?
Өте жақсы, балалар көкөністер мен жемістер туралы тақпақ біледі екенсіңдер.
Ой, мынау кім? Балалар?
Наф – наф саламатсыз ба?
Қане балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайықшы.
Сергіту сәтті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық
Себеттерге салайық.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Избастиева Марияш Сагиновна
Жемістер мен көкөністер. жүктеу
Жемістер мен көкөністер. слайдты жүктеу
2 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Тіл дамыту
Тіл дамыту
Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендерді, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×