Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер мен көкөністер

27 қазан 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкеністер туралы түсінік беру.
Міндеті: 1. Жемістер мен көкеніс
тер туралы түсінік беру.
2. Жемістердің пайдасы туралы түсінік беру.
3. Баубақша сыйымен таныстыру
АтауыОртаңғы
ҚұралдарСуреттер
Билингвальді
Компонент
Жемістер - овощи
ӘдістеріКөрсету, сұрақ - жауап,
түсіндіру, ойын
КіріспеАрайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!
Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл - қозғалыс жасайды.
Негізгі бөлім «Сиқырлы қорапша» ойыны.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?
- Жоқ, балалар, ол - ағашта өседі.
Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен. Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз. Енді соны табыңдар.
- Иә, таптың, ол - алма.
- Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
- Жоқ, бұл затты жеуге болады.
- Жарайсың, таптың, ол - көкөніс. Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.
- Иә, дұрыс айтасың, ол - қызанақ.
- Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?
- Жемістер мен көкөністер - адам ағзасына өте пайдалы. Жемістер бақта, ағаштарда өседі, жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі. Балаларды екі орталыққа бөліп, екінші таңғы асқа дайындық жасау керек екенін айтады.
Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің, екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі, иісі, түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды. Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп, қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды. Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен, екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасауды тапсырады.
Сергіту сәті.
Саусақ ойынын ойнату.
Жаңбыр жауса тырс - тырс,
Айтады гүл:
- Дұрыс, дұрыс!
Жаңбыр жауса тырс - тырс,
Айтады гүл:
- Ырыс, ырыс!
Тәрбиеші балалардың орындарын ауыстырады.
Д/о: «Иісінен тап!»ойыны.
Ойын шарты: балалар көздерін жұмып, иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек.
ҚорытындыСұрақ жауап арқылы қорытындылау.

Тәрбиеші: Сыздыкова Гүлнар Канашовна
№15 балабақша, Павлодар қаласы
1 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×