Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан рәміздері

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қазақстан рәміздері
Сабақтың мақсаты:
1. Туған ел, Отан, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту. Мақал – мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, егеменді, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар, шаңырақ, көп ұлтты, орман, өзен, көл, таулар, биік, бай, көркем, әдемі т. б.
Көрнектіліктер: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, дидактикалық ойындарға атрибуттар.

Сабақ барысы:
1. Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.
- Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
- Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.

Ал, сендер қай қалада тұрасыңдар? (балалар жауабы: Біз Қарағанды қаласында тұрамыз). Қарағанды қандай қала? (балалар жауабы: Қарағанды – әдемі, таза қала).
- Балалар, айтыңызшы біздің Қазақстанның жері қандай? (балалар жауабы: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі).
- Қазақстанның жерінде не бар? (балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар).

Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
Таңғажайып атында дәл табылды,
Табылда талай жұртқа танылды,
Туған елім, көкке жетті көк туын
Сен, Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!

2. Сергіту сәті: Көк жалау желбіре (екі қолымен екі жаққа бұлғайды)
Асқақтап аспанда (екі қолдарын көкке созады),
Жас ұлан, ел бірге
Сап түзе, жасқанба (маршрут).
- Балалар, сендер «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

- Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)
- Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме? (балалар жауабы)
- Дұрыс, мемлекеттік рәміздері: елтаңба (герб), ту (флаг), әнұран (гимн) жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегені. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.

Тақпақ: «Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
3. Дидактикалық ойын: «Өз туынды тауып ал»
- Рәміздер Мемлекетке не үшін керек?
(балалар жауабы: Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелік белгілері болады. Еліміздегі халықтарды біріктіру үшін.)
- Еліміздің туын қайдан көруге болады (балалар жауабы: Үлкен мемлекеттік ғимараттардан, біздің балабақшаның төбесінде де ту бар, мереке күндері тулармен көшелерді сәндейді).
- Жарайсыңдар, балалар. Тамаша!
- Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
4. Қорытынды.
5. Мадақтау.
17 246
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
Мақсаты: Балаларға еліміздің тұңғыш президенті туралы түсінік қалыптастыру. Өз ұлтын, елін қадірлейтін елжанды азамат болуға баулу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Ел рәміздері
Ел рәміздері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Қалилаева Зәмзәгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×