Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№7 «Балдырған» санаториялық – бөбекжай балабақшасы
Садықова Жадыра

«Құлыншақ» ортаңғы тобы
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға еліміздің тұңғыш президенті туралы түсінік қалыптастыру. Өз ұлтын, елін қадірлейтін елжанды азамат болуға баулу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Керекті көрнекіліктер: Елбасының, Қ. Р рәміздерінің суреттері, дидактикалық ойынға әр елдің туының суреттері. Проектор, видиеоролик, слайдтар.
Жүргізуші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы.
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
- Армысыздар балабақша ұжымы!
- Армысыздар бүгінгі айтулы күннің куәсі болар жас ұрпақ.
- Бүгін бізде ерекше күн. Себебі: 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш «Президенті күні»
- Балалар сендер білесіңдер ме, біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Ал біздің ұлтымыз қандай?
- Біз Қазақпыз.
- Мемлекеттік тіліміз қандай?
- мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.
- Біздің Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Біздің еліміздің өркендеуіне, өсуіне, көп еңбегі сіңген. Сондықтан да біз Елбасын құрмет тұтып, қадірлейміз.
- Балалар Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
- Елтаңба, Ту, Әнұран.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін елімнің әр ұланы.
Енді ағайын көгіңде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі әнұраны.
Хор: Әнұран.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, кішкентай бүлдіршіндер, бүгінгі бала - бақшамызда болып жатқан «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекемізге жылы лебізін білдіру үшін балабақшамыздың меңгерушісі: Жанат Қуанышқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Тәрбиесін, тәлімін аямаған,
Алақанда әлпештеп аялаған.
Сан бөбектер сәнімен саялаған,
Балабақшам бақұям – қымбат маған, дей келе – балалардың өз еліне, Елбасына деген тілектеріне берейік.
Арман: Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан.
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан.
Перизат: Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата – бабам аңсап өткен бақытпен,
Алтын бесік – Қазақстан Гүлістан.
Мейнура: Ел болдың, ерік болдың астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Президенттің атымен басталады.
Үміт: Тәуелсіздік достығымыз,
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік ел бірлігі,
Асқақ арман таласқан.
Гүлдәурен: Ауылға көңіл бөлгізіп,
Гүлдендірген даланы.
Көтерсе көкке болмай ма?
Нұрсұлтандай атаны
Нұрару: Елім деп соғатын жүрегі,
Елімен бір арман тілегі.
Қай жерде жүрсе де Нұрекең,
Елді ойлап, жерді ойлап жүреді.
Бексұлу: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.
Кемеңгер: Өсеміз, жайнаймыз, жанамыз,
Бақыттың есігін қағамыз.
Саған жол тілейді жас ұрпақ,
Аман бол ел басы – ағамыз.
Жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ер намысын қорғамақ,
Сендерсіңдер болашақ.
Жеке ән: «Ағатайым» әні. Жеткербай М.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Туған жерін ата – анаң,
Отаным деп атаған.
Отан – досың туысың,
Отан – алтын босағаң – деп жырлайтын біздің қыздарымыздың орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар Жеке ән: «Отаным»

Бақыт: Туған өлке – кең далам,
Мәңгілік бақыт орнаған.
Сайраңдаймыз саңда,
Ерікті ұлан – біз бала
Айсель: Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер жас ұлан.
Тұрсынбек: Ізгіліктің жолбасы,
Жақсылардың жолдасы.
Нұрсұлтандай атамыз,
Президент Елбасы.
Айлуна: Қазақстан - киелім,
Қияға ұшар қыранмын.
Еркіндікті сүйемін,
Мен – Тәуелсіз ұланмын.
Жүргізуші: Балалар, біздің еліміз Қазақстан, ал біз қазір Қазақстанның
қай қаласында тұрамыз?
Балалар: - Қызылорда облысы,
- Қазалы ауданы,
- Әйтеке би кентінде.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, ендеше қазір бәріміз экранға назар аударайық. Тамаша бір көріністі тамашалаймыз.
(көрініс тамашалау, түсіндірме жұмысын жүргізу)
Жүргізуші: Қазалы – туған жеріміз,
Қазалы – туған үйіміз.
Қазалы - әсем қаламыз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Хор: «Қазалым»
Флешмоб би: (Патриоттық әндер жинағынан)
Жеке ән: «Домбыра» Алмас Перизат
Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»
Ойын шарты: Экраннан бірнеше елдердің туларының суреттері шығады, сол тулардың ішінен ҚР туын тауып алу керек. Барлық балалар ортада тұрған туларды қолдарына алады.
Жүргізуші:. Жарайсыңдар балалар, сендер әр кез өз туларыңды биікте ұстаңдар, біздің көк туымыз көкте желбірей берсін. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын! Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – сендер үлкен азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

Хор: «Егеменді Қазақстан»
2 585
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмір жолы, ерекше қадір қасиеті, ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуға, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін ұлттық сана сезімі жоғары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×