Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары

05 тамыз 2013, Дүйсенбі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй құстары» (презентациясымен)
Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Қазақстанда кездесетін құстардың түрлерімен таныстыру. Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: Үй құстарының суреттері, ертегі суреттері, құрастырма қағаздар, үнтаспа, интерактивті тақта т. б.
Сөздік жұмысы: Түсіндіру, әңгімелеу. Сұрақ - жауап.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері: «Сәлемдесу - Амандасу»
Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып отырады: Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады
Балалар, көңілді күймен орындайды.
Қайырлы таң, Дастан!
Қайырлы таң, Аида!
Қайырлы таң, Әскер!
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге!
Ұйымдастырушылық ізденуші

2. Өткен тақырыпты еске түсіру:
- Балалар, Зообақ саяхатында бақылаған жабайы аңдарды, құстарды есімізге түсірейік.
- Суреттегі аң - құстардың атауларын атату.
- Зообақтағы жыртқыш аңды атаңдар? Тақпақтар айтады:

3. Енді балалар, Зообақтағы тотықұс сендерге тапсырма жіберіпті. Соны орындайық. Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.
- Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар бұл үй құсатры екен.

4. Біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің жаңа тақырыбымыз «Ұй құстары»
Тәрбиеші: балалар, үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық, балапан, қаз, күрке, тотықұс, (суреттерін тақтаға іле отырып атау)
- Балалар, кімнің үйнде құс асырайды?
Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тамақ ретінде пайдаланады, жүннен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

5. Балалар, енді айналамен танысу оқу іс - әрекетінде өткен құстар туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.
- Енді, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

6. Кітаппен жұмыс: Балалар, барлығымыз оқулығымызға қарайық!
- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Үй құстарының атауларын атаңдар?
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Балалар, үй құстарының дыбыстауын дұрыс келтірейікші?

7. Сергіту сәті: Үнтаспадан «Құстар әні орындалады»
Тәрбиешімен бірге қайталап балалар құстар биін билейді.

8. Енді, көркем әдебиеттен құстар туралы қандай ертегімен таныстық?
Балалар, сол ертегінің көрінісін ортаға көрсетейік.

9. Енді, балалар үш топқа алдарыңа құстардың суреттерін беремін, бояп жарысамыз.
Қасқыр, арыстан, керік, піл туралы тақпақтар айтады
Балалар қызыға құрастырады.
Балалар тақтаға үй құстары жайлы суретке көңіл аударады.
- Балалар толық жауап береді, тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.

Ақ тауық – ай, Ақ – тауық
Ақ – тауық неден қақсауық
Ертеменен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды
- Бұрып қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай.
Ол не? (Әтеш) т. б.

Үй құстары
Әтеш, тауық, балапандар, қаздар.
Себебі, адамдар осы құстарға қамқор көрсетіп, қоректендіріп қарайды. Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүннен жастық, көрпе жасайды.
Ку - ка - ре - ку: әтеш, цып - цып: балапан, қыт - қыт: тауық, қарқ - қарқ: қаз т. б.

Балалар көңілді билейді
«Шұбар тауық» ертегісі

Балалар, көріністі көрсетеді
Балалар жарыса бояйды.
10. Рефлекциялы түзету кезеңі. Сонымен балалар сабақта немен таныстық?
Үй құстарын атап өтейік?
Үй құстарының қадай пайдасы бар?
Оларға қандай қамқорлық көрсетеміз?

Бүгінгі сабаққа барлығымыз өте жақса қатыстық.
Мадақтау: (Жұлдызшалар тарату)
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау. Сабаққа ынтамен қатысқан оқушыларды жұлдызшалары арқылы бағалау
Үй құстары
Әтеш, тауық, балапандар, қаздар.
Адамдар осы құстарға қамқор көрсетіп, қоректендіріп қарайды. Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүннен жастық, көрпе жасайды.
Балалар сабақты жақсы көңіл - күймен аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасы, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек: Балалар үй құстарына жем шашып ыдысқа су құйып, ұя салып, балапандарын қамқор болу керек.
Істей білу керек: Балала тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білу керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын қүнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Құстар - біздің достарымыз
Құстар - біздің достарымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Қайрова Нұргұл Қадіржанқызы
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×