Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстарына жем береміз

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
МКҚК«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
тәрбиешісі Базарова Анаргуль Бақытқызы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Балдырған» I - кіші тобы
Тәрбиеші: Базарова А. Б.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Жапсыру
Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық: Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Құстармен таныстыру.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.
Билингвалды компонент: Құстар - птицы, үй құстары - домашние птицы.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбер.
Мен қанатты жазамын,
Суға жүзіп аламын.
Суда жүріп жүземін,
Он қанатты бір қағып.
Сол қанатты бір қағып,
Қанатымды қатайтып,
Мен анамдай боламын.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінің тақырыбы «Үй құстарына жем береміз»
Құстар екіге бөлінді. Олар: дала құсы және үй құсы болады.
Дала құстарына: торғай, қарлығаш, көгершін.
Үй құстарына: тауық, әтеш, қаз, үйрек.
Дала құстары ағаштың түбіндегі құрт құмырсқамен қоректенеді. Ағаштардың жақсы жайқалып өсуіне, түрлі жәндіктердің тазартуына көмектеседі.
Үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Үй құстарына біз жем береміз, сендерге жемді көрсетейін. Мынау жем.
Үй құстарының жұмыртқасын жейміз, мамығынан көпшік жасаймыз.
Ал енді құстардың дене мүшелерін атайықшы?!
Құстардың денесі, басы, тұмсығы, қанаты, аяғы болады.
Балалар құстың дауысын айыра аласыңдар ма? Ендеше тыңдап көрейікші.
Балалар құс туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар есікті қағып тұрған кім екен қарайықшы?
Тауық амандасады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің бір балапаным жоғалып кетіп еді, көрген жоқсыңдар ма?
Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Балалар үйшік тұр екен есігі жабық ашылмайды, ішінде балапан бар екен, қалай ашамыз?
Мына қағаз не екен қарайықшы?! Бұл біздерге берілген тапсырма екен. Осы тапсырманы орындасақ есігі ашылады. Тапсырманы орындайық. Екі орталыққа бөлініп тапсырманы орындайық.
1 – топ. Балапанның суретін ақ қағаз бетіне жапсырамыз.
2 – топ. Тақпақ жаттаймыз.
Балалар күркедегі балапанды қарайық тапсырмасын орындадық енді есігі ашылатын болар. Күркенің есігі ашылып ішінен балапан шықты.
Тауық балапанын іздеймін деп қарны ашқан болар. Жем берейік.
Сергіту сәті.
Ән: «Әнші балапан»

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі
Тауық рахметін айтып, балапанын алып кетеді.
Балалар біздер енді өз тобымызға барамыз.
Балалар біздер құстарды әрқашан қамқорлыққа алуымыз керек.
Үй құстары қандай құстар?
Біздерге кім келген?
Тауық не іздеп жүр?
Біздер ненің суретін жапсырдық?
Жарайсыңдар балалар оқу іс әрекетінде барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп көп рахмет!

Толық нұсқасын жүктеу
9 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Саменова Мейрамгуль Арыновна
Үй құстары
Үй құстары
Атырау облысы, Атырау қаласы, А. С. Пушкин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанова Айман Тұрғанқызы
Үй құстары
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×