Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары

28 ақпан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй құстары».
Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Қазақстанда кездесетін құстардың түрлерімен таныстыру.Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғау тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: Үй құстарының суреттері, ертегі суреттері, құрастырма қағаздар, үнтаспа т.б.
Сөздік жұмыс: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
1.Шаттық шеңбері: «Сәлемдесу - Амандасу»
Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып отырады: Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады:
Балалар, көңілді күймен орындайды.
Қайырлы таң, Меруерт!
Қайырлы таң, Ерасыл! ....
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге!
Ұйымдастырушылық ізденуші

2. Өткен тақырыпты еске түсіру:
- Балалар, Зообақ саяхатында бақылаған жабайы аңдарды, құстарды есімізге түсірейік.
- Суреттегі аң-құстардың атауларын атату.
- Зообақтағы жыртқыш аңды атаңдар? Тақпақтар айтады:
3. Енді балалар, Зообақтағы тотықұс сендерге тапсырма жіберіпті. Соны орындайық. Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.
- Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар, бұл үй құстары екен.
4. Біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»
Тәрбиеші: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, күрке тауық, тотықұс, ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
- Балалар, кімнің үйінде құс асырайды?
Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

5. Балалар, енді айналамен танысу оқу іс-әрекетінде өткен құстар туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.

- Енді, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

6. Кітаппен жұмыс: Балалар, барлығымыз оқулығымызға қарайық!
- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Үй құстарының атауларын атаңдар?
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Балалар, үй құстарының дыбыстауын дұрыс келтірейікші?

7. Сергіту сәті: Үнтаспадан «Құстар әні» орындалады.
Тәрбиешімен бірге қайталап, балалар құстар биін билейді.
8. Енді, көркем әдебиет оқу іс-әрекетінен құстар туралы қандай ертегімен таныстық?
Балалар, сол ертегінің көрінісін ортаға көрсетейік.
9. Енді ,балалар үш топқа алдарыңа құстардың суреттерін беремін, бояп жарысамыз. (үнтаспада құстар әуені) Піл, Мешін, Қасқыр, Бүркіт, Жираф, Күрке, Тоты құс.

Қасқыр,арыстан,керік,піл туралы тақпақтар айтады
Балалар қызыға құрастырады
Әтеш, Тауық,Үйрек.

Балалар тақтадағы үй құстары жайлы суретке көңіл аударады.
- Балалар толық жауап береді, тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.

Ақ тауық - ай, Ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ерте менен қыт-қыттайды,
Ауламыздан шықпайды
- Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай
Ол не? ( Әтеш ) т.б.

Үй құстары
Әтеш, тауық , балапандар, қаздар.
Себебі, адамдар осы құстарға қамқор көрсетіп, қоректендіріп қарайды.
Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүнінен жастық көрпе жасайды.
Ку-ка-ре-ку; әтеш, цып-цып: балапан, қыт-қыт: тауық, қарқ-қарқ: қаз т.б

Балалар көңілді билейді.
«Шұбар тауық » ертегісі.

Балалар көріністі көрсетеді.
Балалар жарыса бояйды.
Рефлекциялы
түзету кезеңі 10. Сонымен, балалар бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әрекетінде немен таныстық?
Үй құстарын атап өтейік?

Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Қандай қамқор көрсетеміз?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.
Мадақтау (жұлдызшалар тарату)
Үй құстары.
Әтеш, тауық, қаз үйрек, балапан.
Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүнінен жастық көрпе жасайды.
Жем шашып, су береміз, ұя салып, маңын тазалаймыз.
Балалар оқу іс-әрекетін жақсы көңіл-күймен аяқтады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек:
Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек.
Істей білу керек:
Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.
28 186
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Ұшады-ұшпайды...
Ұшады-ұшпайды...
Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың атын атай білуге үйрету. Құстардың түрлерімен танысу, үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Үй құстары
Үй құстары
Атырау облысы, Атырау қаласы, А. С. Пушкин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанова Айман Тұрғанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×