Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық қысым

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі, физика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Түгендеу

II. Үй тапсырмасынан сұрау:
§29. Ауа температурасын сұрақ - жауап әдісі арқылы сұраймын.
а) Ауа деген не?
ә) Ауа температурасын өлшейтін құралды ата?
б) Амплитуда деген не?

III. Жаңа сабақ
Жаңа білімді өздігінен меңгеруге дайындық
Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33г салмақ түсіреді. Орта бойлы адамға шамамен 15000 см2 – дей салмақ түсірілелі екен. Біз мұндай қысымды сезбейміз. Өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе – тең келеді.
Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 4 - 5 километрге дейінгі биіктікте өмір сүре алады. Одан әрі көтерілгенде оттегімен тыныс алуға мүмкіндік беретін арнайы құрал колданылады. Әсіресе, ұшақтарда мұның маңызы зор. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген итальян ғалымы Эванджелиста Торричелли (1608 – 1647). Торричелли бір жақ шеті жабық 1 метрлік құбырдың ішіне сынап құйып, оның ашық жағын төмен қаратып, сынап құйылған ыдыстың ішіне салып ұстап тұрады. Осы кезде сынаптың кішігірім бөлігі төгіліп қалғаны белгілі бір биіктікке келгенде тоқтап қалады. Өлшеп қараса оның биіктігі 760мм болған. Қазіргі күнге дейін осы деңгей қысымның орташа көрсеткіші болып есептелінеді. Ол сынап бағанасы 760мм. деп жазылады. Не себепті сынаптың барлығы төгілмей қалды? Э. Торричелли былай деп жауап береді. Себебі оған әсер еткен ауаның қысымы, яғни құбыр ішіндегі және ыдыстағы сынаптың қысымы бірдей болғанда тоқтап қалды деп түсіндіреді.

Паскаль осы құбылысты зерттей отырып, Торричелли барометрін биік ғимараттың үстіне көтереді де, сынап бағанының кемігенін байқайды. Бұның бәріне қанағаттанбаған Паскаль барометрді биік таудың ұшар басына шығарып, сынап бағаны биіктігінің өзгеруін бақылайды. Сөйтіп, барометрді теңіз деңгейінен шамамен әрбір 120 м биіктікке көтерген сайын сынап бағаны 1 сантиметрге төмендейтіні анықталды. Атмосфералық қысымның тек биіктікке ғана емес, сонымен бірге ауа райына да байланысты өзгеріп отыратынын Торричелли де, Паскаль да дәлелдеп берді.

Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз). Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллиметрдің орнына миллибар (мб) өлшемі қолданылады. 1мб шамамен 0, 75мм сынап бағана биіктігіне тең.
Әр оқушы өз түсінгендері бойынша сабақтың мазмұнын айтады.
Топтар бір біріне сұрақтар қояды:
1. Қысым деген не?
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
3. Барометрлік қысым деген не?
4. Атмосфералық қысым неліктен өзгеріп отырады?.

IV. Тәжірбелер жасау.
V. Сөзжұмбақ шешу. «Атмосфералық қысым»
VI. Сабақты бекіту:
1. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы не деп аталады?.
а) атмосфералық қысым *
ә) ауа температурасы
б) сынап барометрі
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
а) термометр
ә) барометр*
б) сынап барометрі
3. Барометрдің неше түрі бар?
а) 2* ә) 3 б) 5
4. Бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде п. б қалыпты күшті не деп атайды?
А) қысым*
ә) атмосфералық қысым б) ауа қысымы
5. Биіктікке байланысты қысым қалай өзгереді?
а) азаяды*
ә) көбейеді
б) өзгермейді
6. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалым
а) Х. Колумб
ә) Э. Торричелли*
б ) Ф. Магеллан
7. Топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда қандай барометр қолайлы?
А) анероид барометр*
ә) сынап барометр
б) барометр
8. Егер атмосфералық қысым жаз айларында жоғарласа ауа райы қандай болады?
а) жылы*
ә) суық
б ) жауын - шашын
9. Сынап бағынасы 760мм биіктігіне тең осы қысымды не деп атайды?
а) атмосфералық қысым
ә) қалыпты атмосфералық қысым*
б) қысым
10. Атмосфера қандай қабат?
а) ауа*
ә) су
б) тас қабаты

VII. Үйге тапсырма беру:
§28. Атмосфералық қысым
VIII. Бағалау
11 855
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Физика пәні мұғалімі Кайдарова Гульнара
Ауа температурасы
Ауа температурасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектеп география пәні мұғалімі Чабаева Асем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×