Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық қысым

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым.
1. Сабақтың мақсаты:
2. Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричелли тәжірибесінің мәнін түсіндіру, атмосфералық қысымның қолданылуы жайлы мәлімет беру.
ә) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс - әрекетте дұрыс әдіс - тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде ұқыптылыққа, табандылыққа, үйрету.
б) Дамытушылық мақсаты: Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің, ұғымдардың модельдерін, заңдарын қолдану, шекаралары туралы білімді қалыптастыру. Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту.
3. Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, интерактивті физика бағдарламасы, электронды оқулық, слайдтар, флипчарт, Магдебург шары, паскаль шары.
Сабақтың тәсілдері: құрастырылған аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, проектор, үлестірме қағаздар.
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ, деңгейлеп оқыту технологиясы, СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: география, математика, информатика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 6. Астрономия жайлы видео қарау. (Аспан сферасының қозғалысы)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. 1. Қайталау сұрақтары слайд түрінде 5 мин
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру./ Бақылау есептерін шығару 35 мин
ІV. Қорытындылау.
Оқушылардың жұмыстарын жинау. Қорытындылау. 1 мин
V. Үйге тапсырма Тарауды қайталау, күнделіктеріне жаздыру. 1 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І кезең. Проблеманы қою.
Сабақ атмосфералық қысымды көрсететін тәжірибе жасаудан басталады.
Тәжірибелер демонстрациясы.
1 – тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары)
Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
2 - тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары) Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.
3 - тәжірибе. Стакан, су, бір бет қағаз. Стаканға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жауып, қағазды қолмен басып тұрып, төмен төңкеріңдер. Су төгілмейді. Оқушылар ойларын айтады. Бұл тәжірибелерден атмосфералық қысымның әсер ететіндігін анықтаймыз. Атмосфералық қысымды ауа туғызады. Атмосфера – грекше атмос, бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзден құралған. Ауа құрамы: азот - 78%, оттегі - 21%, көмірқышқыл газы – 0, 03%, басқа да газдар.
Паскаль заңы ауа қабаты Атмосфера үшін де орындалады. Ендеше бүгінгі тақырып «Атмосфералық қысым».
Атмосфералық қысымды дәлелдейтін тәжірибелер:
4 - тәжірибе. Жұмыртқаны стақан ішіне салу. Стақанның ішіне от жағып қысымын азайтамыз да ішіне жұмыртқаны салсақ, қысым азаюынан жұмыртқа стақан ішіне түсіп кетеді.
5 - тәжірибе. Магдебург жарты шарлары. 1654 ж. атмосфералық қысымның бар екеніне көз жеткізу үшін Герике “Магдебург жартышарларымен” өзінің атақты тәжірибесін жасады. Тәжірибенің көрсетілуіне император Фердинанд ІІІ және Регенсбург рейхстагының мүшелері қатысты. Олардың көзінше өзара біріктірілген екі жарты шарлардың қуысынан ауа сорылып алынады. Осы жарты шарларды атмосфералық қысым күші бір - біріне жабыстырғаны сонша, оларды бірнеше жегулі аттармен ажырату қиын болды (1 - сурет).
6 тәжірибе. Торричелли тәжірибесі: ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене қана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік ішінде биіктігі 760 мм сынап бағаны қалады. Э. Торричелли алғаш рет сынап бағанын атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Атмосфералық қысымның ауа - райына байланысты өзгеретінін де алғаш бақылаған. Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша есептейді. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм сынап бағаны (1 мм. сын. бағ.) алынады.
1 мм. сын. бағ.=133, 3 Па
760 мм. сын. бағ.*133, 3=101 308 Па=10 Па

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 955
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алғаш итальян ғалымы Э. Торричелли ойлап тапты. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м - ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр.  Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі
ШҚО, Аякөз ауданы, Ақтоғай стансасы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Физика пәнінің мұғалімі Толегенов Сейсенкали Курмашевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×