Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауыз суды тазалау, Судың маңызы (күнделікті сабақ жоспары)

10 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, жаратылыстану 5 сынып
Тақырыптар:
1 - сабақ. «ДЖ. Су айналым. Мұхит»
2 - сабақ. Ауыз суды тазалау, Судың маңызы
3 - сабақ. Мұхиттар
4 - сабақ. Теңіздер мен көлдер.
5 - сабақ. Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау.


Тақырыбы: Ауыз суды тазалау, Судың маңызы
Мақсаты:
Білімділік: Су – ерекше қайталанбас зат екенін әңгімелесу арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Судың пайдасын, қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, тәжірибе келтіру арқылы ой - іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Сабақты бекіту.
4. Үй тапсырмасын беру.

Үй жұмысын сұрақ - жауап арқылы тексеру.
1. Табиғаттағы су айналуы қалай болады?
2. Су табиғатта қандай күйде болады?
3. Таудағы мұздықтар неден түзіледі?
4. Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте қандай маңызы бар?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Адамдардың суды пайдалануы.
2. Су – ерекше қайталанбас зат.
3. Суды қорғау.
Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз.
Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерде тазалық сақтау үшін де су қажет.
Адам су жолдарымен қайықтар, теплоходтарға мініп сапарға шығады, азық - түлік, ағаш және машиналарды тасымалдайды. Ата - бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата - анасы «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты майлама – құсын кетіресің», деп өсиет айтқан. Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Қазіргі дүние жүзіндегі халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Бекіту кезеңі:
1. Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
2. Сұйық, қатты және газ күйіндегі судың қасиеттерін салыстырыңдар?
3. Судың көлемі қыздырғанда және салқындатқанда қалай өзгереді?
4. Қыста су өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігін сақтауда мұздың қандай 5. қасиеттері септігін тигізеді?
6. Суда еритін бірнеше заттарды атаңдар. Олардың суда еритінін немен дәлелдейсіңдер?
7. Суда ерімейтін заттарды атаңдар?
8. Суды неліктен және қалай қорғайды?
Үй тапсырмасы:§20 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24 сабақтарды қарау
8 701
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×