Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі

24 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: География
«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі

Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері – жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн – бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.

Күн – өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.
Барлық жұлдыздар сияқты Күн – қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.
 Ядролық белдеу – мұнда қысым мен температура ядролық рекциялардың жүруін қамтамасыз етеді.

 Сәулелік белдеу – энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сырқа береді.
 Конвекция белдеуі – «сәулелік» белдеудің үстіңгі жағынан Күннің дәл көрінетін шекарасына шейінгі аралық. Мұнда температура Күннің көрінерлік шекарасына жуықтаған сайын тез кемиді де, соның нәтижесінде зат алмасу болып жатады (астынан жылытқан ыдыстағы сұйықтың қайнағаны сияқты)

 Атмосфера – бұл бірден конвекциялық белдеуден басталады да, Күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді. Атмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді, біз оны Күннің беті ретінде қабылдаймыз. Атмосфераның қалыңдығы 200 - 300 километр, ең терең қабаты - фотосфера. Хромосферадан жоғары Күннің 10 радиусындай аралықта Күн газдарының температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп аталады. Күн тұтылу кезінде көруге болады. Күн тәжінің газы планетааралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп
аталатын ыстық сиретілген плазма ағыны. Күн тәжінде одан да керемет, әрекетті түзілістер протуберанцтер байқалады. Олар тәж затымен салыстырғанда тығыздау газдардың бұлттарының қозғалысы.

Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 5 000 000 000 жыл жасында.
Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол жер үшін негізгі жылу көзі болып табылады. Күн жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы: Күннің қысқа толқынды сәуле шығару радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде радиобайланыс бұзылады.
Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы. Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады. Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

Көлеңкенің пайда болуы – біртекті ортада жарықтың түзу сызықты таралуымен түсіндіреді. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Ашық күндері адамдардың, үйлердің, ағаштардың және басқа да нәрселердің көлеңкелері анық көрінеді. Бұл құбылысты толығырақ қарастырайық. Ол үшін кішкене S жарық көзін алайық. Одан біршама қашықтықта экранды орналастырайық. Шам экранды жарықтандырады, яғни оның әр нүктесіне жарық түседі. Мөлдір емес кішкене Т шарды экранға түсетін жарық шоғы аймағына, яғни шам мен экранның арасына орналастырайық. Экранда қара дөңгелек түріндегі көлеңке пайда болады. Егер S және А нүктелері арқылы түзу жүргізсе, онда ол В нүктесінде жатады. Бұл жарықтың түзу сызық бойымен таралатынын дәлелдейді. Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы емес екі аймақ – алакөлеңкелер пайда болады. Алакөлеңкенің пайда болуын, жарықтың түзу сызықпен таралу заңын растайды. Орасан зор масштабтардағы көлеңкелер мен ала көлеңкелер Күн мен Ай тұтылуларында байқалады.

Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасына келіп, Күнді жауып қалса, онда Күн тұтылады (11 - сурет). Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады.
«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі. жүктеу
5 099
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары.
Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары.
«Құйрықты» жұлдыз ғарыш тілінде қалай аталады? а) Комета ә) Планета б) Галактика в) Орбита
Жарықтың қасиеттері. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
Жарықтың қасиеттері. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
Жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, Күннің құрылысы туралы мағлұмат беру;
Физикадан тест тапсырмасы
Физикадан тест тапсырмасы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Күн. Жарықтың таралуы
Күн. Жарықтың таралуы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №147 гимназиясының география пәні мұғалімі Керимшеева Береке Рысказиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×