Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлулықты кәсіп еткендердің мемлекетке берешегі қандай?

15 сәуір 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Сұлулыққа деген ұмтылыс адам баласына тән қасиет екені рас. Дял осы қасиет бьюти индустрияның қалыптасып, дамуына ықпал етіп, үлкен салаға айналдырды, тіпті кей елдерде экономиканың драйверіне айналды десек те болады. Ол елдердің қатарында біз де бармыз десек артық емес. Себебі соңғы уақытта сұлулық салоны бизнесі қарқындап тұр. Бұл сала өте табысты, әрі сұранысқа ие және бәсекелестігі өте жоғары.
Бьюти сверада бес жылдық тәжірибесі бар, топ визажист Медеулова Айдана ханым салон бизнесі жайлы көптеген ақпараттармен бөлісті. «Бұл салада әр қызметтің бағасы әртүрлі, шамамен 5 мыңнан басталып, 50 мыңға дейін барады. Ал бұл процедураларды ай сайын жасатып, жаңартып отыратындар клиенттер өте көп. Әрі елімізде той көп болғандықтан табыстың 50% макияж бен шаш үлгі құрайды. Бұл біздің салондағы орташа есеп. Ал енді қала ортасындағы қымбаттық салондардың орташа есебі бізден 2 - 3есе артық. Өздеріңіз есептеп көріңіздер…» деді Айдана ханым.
Маманның айтуы бойынша мейрам күндері салонның жұмысы қызып, жақсы табыс әкеледі, алайда табысқа қарай өкіметке салық төленеді, яғни салонның қаншалықты табысы артса, экономиканың да өсіуіне әсер етеді.
Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларында талдау нәтижесіне сәйкес 10 адамның 4 - уі желілік сұлулық салондарына барғанды қалайды. Бұл бағалау Jusan клиенттерінің 2022 жылы жасаған транзакциялары бойынша деректер негізінде жасалды. Салондары мен шаштараздар ең аз шоғырланған қалалар: Түркістан, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Семей және Ақтөбе. Бұл қалаларда 1 сұлулық салонына 1 000 астам адам келеді. Қалған қалаларда салондар керісінше көп: 1 салонға келетін адамдар саны 1000 - ға жетпейді. Бұған себеп жыл сайын Алматыда сұлулық салондарының шамамен 21%- ы өз қызметін тоқтатады екен.
Әділет министрлігінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексіне сәйкес сұлулық саласында кәсіпкерлікпен айналысатын тұлға мемлекет бюджетіне салон орналасқан мекеменің кв. м - іне қарай өлшенетін қаржыны төлейді. Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген (ИП) салон клиенттерінен түскен қаржының жылдық есебіне сәйкес салық төлеуге міндеттеледі. Ол салонның көрсететін қызметтері мен міндеттеріне қарай, егер жылына 10млн табатын болса соның 1 - 2 млннын мемлекет қорына беруі тиіс. Бұл талаптарды барлық салон иелері қаншалықты заңды әрі дұрыс орындап жүр? Ал кәсіпкер Айдана ханымның айтуы бойынша: «Айына Danai сұлулық салонының таза табысы айына есептегенде 500мың тгдей, оны жылына төленетін салыққа шаққанда 50 - 100мың тг шығады» деп мемлекет қорына салық төлейтінін жеткізді.
Мақаламды Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» деген әлемге әйгілі сөзімен қорытындыласам. Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әрбір тұлғаны салық төлеуге шақырамын. Заң аясынан аттамай, экономикамызға елеулі үлес қосып жүрейік!.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
журналистика факультетінің
3 - ші курс студенті
Байназарова Аружан
Жетекші: Н. Б. Рушанова,
аға оқытушыж
350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты статистика
Қызықты статистика
2019 жылы Қазақстанда 1 тұрғынға тәулігіне орташа 79 литр су құбыры суынан жұмсалды
Күн жайлы қызықты мәліметтер
Күн жайлы қызықты мәліметтер
Күн 74%- ы сутегіден, 24%- ы гелийден тұрады. Ал қалған 2%- ы оттегі, темір және никель.
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
XXI ғасыр - химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Қыз сыны байқауы
Қыз сыны байқауы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі оқытушысы Айтпенбетова Гулжахан
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, "Алға мектеп - бақшасы"ММ Бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×