Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас химиктер

24 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Жас химиктер
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік – оқушыларды өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Дамытушылық – оқушыларға химия ғылымның құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы қосымша материалдардан мағлұмат беру, ой - өрісін дамыту.
Білімділік – оқушылардың химия пәнін өтілген тақырыптар бойынша білімдерін нығайту.
Сабақтың жабдықталуы: химия ғылымы бойынша қанатты сөздер, химиялық құрал - жабдықтар: сынауықтар, штативтер, құм, су, тамшуырлар, сүзгі қағаз, колбалар, ас тұзы, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта.
Сабақтың әдісі: топтастыру, іздендіру әдісі, сұрақ - жауап, сергіту сәті
Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Жыл сайын химия пәнінің алғашқы әліппесін бастайтын 8 сыныпқа келген мұғалім мен оқушыдан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Химия әлімнің беймәлім тылсымына оқушылар үлкен қызығумен қараса да қорқыныш сезімі болмай қалмайды. Өйткені, бұл пән жаратылыстану пәндерінің ішінде оқушы үшін «қиын» пәндер қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Сондықтан оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында жаңа әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдалану қажет. Бүгінгі таңда оқытудың озық технологияларын пайдалану оң нәтижелерін беріп жүр.
Енді бүгін 8 сыныптар арасында химия пәнінен «Жас химиктер» атты сайыс сабақ өткіздім. 8 сыныпта бүгінгі күнге дейін химиялық алғашқы ұғымдары туралы өтілген тақырыпты оқушылар қаншалықты меңгергенін байқап, алған білімдерін жүйелей отырып, валенттілік бойынша формула құрастырып, химиялық реакция теңдеуді теңестіргенін көрсетеді.
Сабақтың жоспары:
І. Сергіту сәті
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
ІІІ. «Бағдаршам» ойыны
ІV. «Мен зертханашымын»
V. «Полиглот»
VІ. «Суретші»
Сынып бөлмесін безендіру, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындығын тексеру, оқушыларды топқа бөліп, ортаға шақыру.

Сергіту сәті:
«Жарнама». Бұл жарнамада әр топ мүшелерінен өздерімен бірге алып келген заттарын жарнамалау.
Жүргізуші:
Қызық думан, өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.
Жарқырап күн көзінде болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия - ырыс, құтты көкке шырқай
Ертеңгі болашаққа жол ашады – дей
отырып, ортаға сайыскер топтарды
шақырамыз.
І топ «Жас химик» - әр топ 5 мүшеден қатысқан.
ІІ топ «Менделеев»
ІІІ топ «Химиялық элемент»
Жүргізуші:
Сәлем – сөздің атасы,
Кең далама қарашы.
Біздер келген мекен де,
Химияның қаласы.
Химиктерге сәлем деп,
Бас иемін мен бүгін – дей отырып, алғашқы кезең таныстыру, әр топ мүшелері өздерін таныстырады.

ІІ. «Бақытты сәт» ойыны.
Білім беріп жас ұрпаққа сапалы,
Меңгертеміз талай - талай сананы.
Күш саламыз жаңа мына ғасырда
Тәрбиелеп, шәкірттерді саналы.
Бұл ойында лездемелік сұрақтар қойылады. 1 минут аралығынды 10 сұраққа жауап беріп бақытқа кенеледі де, әр жауапқа 1 ұпайдан алады.
І топ
1. Заттар дегеніміз не? (денелерді құраушы)
2. Заттардың басқа заттарға айналып түрленуін зерттейтін ғылым? (химия)
3. Егер атомдар бір түрінен түзілетін заттарды қалай атаймыз? (жай зат)
4. Плюмбум – (қорғасын)
5. Салыстырмалы атомдық массасы 108 - ге тең болатын элемент: (күміс)
6. Жұмыртқаның пісуі қандай құбылыс? (химиялық)
7. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті дегеніміз не? (валенттілік)
8. Оттегінің валенттілігі неше тең? (ІІ)
9. Химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу дегеніміз не? (химиялық теңдеу)
10. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым кім? (Л. Пруст)
ІІ топ
1. Атомдардың белгілі бір түрін қалай атайды? (химиялық элемент)
2. Элемент таңбасының оң жағынан көміртекте атомдардың санын көрсететін қалай аталады? (индекс)
3. Бұлттану қандай құбылыс? (физикалық)
4. Адам тыныс алатын газ – (оттегі)
5. Оқылуы эн болатын элемент: (азот)
6. Химиялық элементке бірінші әрпін латынша енгізуді ұсынған ғалым кім? (Берцелуис)
7. Салыстырмалы атомдық массасы 28 - ге тең элемент? (магний)
8. Валенттілік мәні өзгермелі болатын валенттілікті қалай атайды? (ауыспалы)
9. Алюминийдің валенттілігі нешеге тең? (ІІІ)
10. Латынша гидраргирум деп - (сынап)
ІІІ топ
1. Мұздың еруі қандай құбылыс? (физикалық)
2. Ас тұзының судағы ерітіндісі қалай аталады? (біртекті)
3. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді қалай аталады? (сүзінді)
4. Заттар қандай агрегаттық күйде болады? (газ, қатты, сұйық)
5. Барийдің валенттілігі нешеге тең? (ІІ)
6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі: (молекула)
7. Салыстырмалы атомдық массасы 137 - ге тең элемент: (барий)
8. Массаның атомдық бірлігі нешеге тең? (1, 66·10 - 24г)
9. Молекулалар санын көрсететін не деп атайды? (коэффициент)
10. Латынша силициум деп - (кремний)

ІІІ. «Бағдаршам» ойыны.
Бұл ойында бағдаршамның үш түсіне қарап, деңгейлік тапсырма беріледі. Бірінші тапсырма: қызыл түсті – егер тапсырманы дұрыс орындаса, келесі сары түсті тапсырманы орындайды. Ал жасыл түсті тапсырманы орындаса, келесі ойынға жолдама алады.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш ауданы, Дербісек елдімекені
№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі
Химия - биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы

Жас химиктер. жүктеу
11 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Сандық есептер шығару
Сандық есептер шығару
Оқушыларды химия пәнімен таныстыру, заттар және олардың қасиеттері туралы мағлұмат беру
Химия пәнінен сөзжұмбақ
Химия пәнінен сөзжұмбақ
1. 1. Көмір қышқылының тұзы 2. Фосфор қышқылының тұзы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×