Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау

30 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «Оттекті органикалық қосылыстар» тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оттекті органикалық қосылыстардың құрылысын, қасиеттерін, қолданылуын жаттығу, есептер шығару арқылы қайталап, бекіту, еске түсіру, жаратылыстағы маңызы туралы мағлұмат бере отырып қорытындылау.
Дамытушылық: студенттердің теориялық ой - өрісін, білімдерін жетілдіріп, ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Органикалық химияның теориялық негіздері пәнінен студенттердің іскерліктерімен, біліктерін дамытып және алған білімдерін болашақта қолдана білуге үйрету.
Сабақты өткізу әдісі: Деңгейлеп оқыту, ойын технологиясы, сұрақ - жауап, баяндау, демонстрациялау және т. б.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Слайд - шоу; қажетті ерітінділер; пробиркалар, штатив, спирт шам, сіріңке және т. б.
Пән аралық байланыс: Биология, медицина, қазақ тілі және т. б.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Топ оқушыларын тексеру
2. Оқу - құралдарын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім
«Оттекті органикалық қосылыстар» тарауын қорытындылау

1. Сырыққа шығу – «Әркімнің өзі шығар бигі бар»
• Карбоксил тобы деп аталатын функциональдық топ?
• Құмырсқа альдегиді халықаралық атау жүйесі бойынша қалай аталады?
• Кучеров ашқан гидратация реакциясы?
• Халықаралық атау жүйесі бойынша сірке қышқылының атауы?
• Спирттер бір – бірімен әрекеттескенде түзілетін қосылыс?
• Этанолды қатты қыздырғанда түзілетін қосылыс?
• 6 - 9% тік сірке қышқылының сулы ерітіндісі қалай аталады?
• Күміс - айна реакциясына түсетін қышқыл?
• Спирт молекуласының құрамына кіретін функциональдық топ?
• Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттескенде түзілетін қосылыстар?
• Этерификациясы реакциясы дегеніміз не?
• Медициналық спирттің формуласы?
• Күрделі эфирлердің қандай маңызын білесіңдер?
• Майлар қандай заттарға жатады?
• Ғалымдардың кейінгі деректері бойынша корей халқы туберкулез ауруымен сирек ауыратын болса керек. Оны қалай түсінуге болады?
• Хирургиялық аспаптарды дизенфекциялауда қолданылатын құмырсқа альдегидінің 40% ерітіндісі?

О. Тұрмағанбетұлы атындағы
Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі
Дайындаған: химия пәнінің мұғалімі Смагулова Ж. К.
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау жүктеу
3 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спирттер мен фенолдар
Спирттер мен фенолдар
Оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәлімет бере отырып біратомды спирттер, құрамында – ОН тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен таныстыру, спирттердің изомерлерін жазып, оны халықаралық атаулар жүйесімен атай білу
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер.
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер.
Оқушылар спирттердің құрамын, қасиеттерін анықайды. Спирттер – оттекті органикалық қосылыс.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Айтөреева Ақмарал Бақытқызы химия - биология пәні мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті.
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 мектептің химия пәні мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау. Сабақтың мақсаты:Спирттер, фенол, альдегидтер және карбон қышқылдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×