Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия ғажайыптар әлемі

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Химия ғажайыптар әлемі

XXI ғасыр химия ғасыры. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұстас халықаралық химия жылы аясында «Химия ғажайыптар әлемі»апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер.
Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады деп бүгінгі кештің жоспары
1. Сиқырлы ғылым ғажаптары
2. Элементтер айтысы
3. Жас химик - 2011 сайысы
Химияның әлемі – қызықты әрі тартымды
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді
Оқысаңдар ғылымға көз ашып
Танырсыңдар табиғаттың ғажабын - деп
Химиялық қызықты тәжірибелерді тамашалаңыздар.
1. Көрінбейтін жазу
2. Жұмыртқаның қабығын сындырмай аршу
3. Отсыз түтін
Химиктердің ауылында
Элементтер тойы болды
Металдардың қауымында
Ән, күй, айтыс, ойын болды деп элементтер айтысын тамашалаңдар
1-тур бойынша қызықты тәжірибелер көрсетіледі
2- тур Элементтер айтысы Химия патшасы өз тұрғындарының өнері мен қасиетін таныту мақсатында бейорганика мен органика айтыскерлерін ортаға шақырады.

Органика
Көруге химия кешін жиылғандар
Менделеевке құдайындай сыйынғандар
Қош келдіңдер, бүгінгі ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар
Органикпін, несіне жасырайын
Сенен достым күшімді асырайын
Органика күшіне химияда
Тура алар дәті шыдап қасымда кім

Бейорганика
Армысыңдар бүгінгі кешті көретіндер
Химия кереметін жыр ғып айтам
Сөзіме сенетіндер, көнетіндер
Есімім – бейорганик, таныстырсам
Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң
Химияның тірегі мына менмін
Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам

Органика
Органика - өмір, тұрмыс тірегі
Құрамына көміртегі кіреді
Эфир, шайыр, целлюза, бояу да
Мен арқылы өндірісін жүреді
Ауырсандар дарі беріп емдеймін
Крахмал, ақуыз түзілуін жөндеймін
Полимерден полиэтилен жасаймын
Өнеркәсіп, отын көзі мен деймін

Бейорганика
Титанымды ғарышта қолданады
Жұтсаң - ауа, ішсең - су қолда бары
Алтын, күміс, платина, асыл газдар
Тұнып тұрған байлыққа көз болады
Әрқашанда ашық ғылым қақпасы
Көп мақтанып, кеудеңізді қақпашы
Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге
Төрелігін берсін химия патшасы

Химия патшасы Органика, бейорганика дауласудың қажеті жоқ, екеуің де өмір тірегісіңдер.
3-тур Елбасымыз Н. Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздіктің туы - білімді ұрпақ қолында»дегендей алдымызда дені сау, рухы биік, ой - өрісі кең болашағы айқын XXI ғасырдың білгір химиктерін ортаға шақырамыз.
Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Бәйге
2. Тіл өнері
3. Дода
4. Химиялық эстафета
5. Жорға

Сайысқа қатысатындар өздерін таныстырады
1. Әбілқасым Е 10кл
2. Әнуарбек А 10кл
3. Қайрат Г 9кл
4. Құлмұрат А10кл
5. Алдан Р9кл
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер
Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
1)
2)
3)
Сайысқа қатысушыларға сәттілік, белсенділік және жеңіс тілейміз.
Ең қиыны жарыстың Бәйге келді
Мықтылары ортаға шықсын енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Осы ойыннан көрейін ерен ерді,- деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз.
Бұл турда әр ойыншыға 5 сұрақтан беріліп дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Экранға назар аударайық, ретімізбен жауап береміз

ІІ Тіл өнері.
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- деп кезекті «Химиялық жұмбақтар» осы сайыстан кейін ұпайы төмен 1 сайыскер ойыннан босатылады.

ІІІ кезең Дода
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп сайыстың келесі кезеңі «дода» басталады.
Осы сайыстан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан босатылады.
Тағы келді сыналар шақ айналып
Тереңіне білім теңіз байланып
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр
Реакция жазар кезегі де келіп тұр – деп «Химиялық эстафета» кезеңін бастаймыз.
Осы сайыстың қорытындысымен ұпайы аз 1 сайыскер ойыннан босатылады
Қиын болар химияның құпиясы,
Ізденсең, талаптансаң жол ашады
Көп оқып біліміңді шыңдай бергін,
Химияның қыр - сырын танып білгін – деп Жорға кезеңін бастаймыз.
Әр оқушыға 10 сұрақтан беріледі. Оқушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

1 - сайыскер
1. Химия наны – күкірт қышқ - иә
2. Озонның формуласы O3 - иә
3. Үйге жарық беретін элемент Темір - жоқ
4. Аспан тасы аталатын элемент Тиаемір
5. Сүйек құрамында сынап бар - жоқ
6. Адам тыныс алатын газ сутек - жоқ
7. Оттекті ашқан ғалым Кавендиш - жоқ
8. Бактериоцидтік қасиеті бар металл Куміс - иә
9. Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым ЛОМОНОСОВ - иә
10. Ең жеңіл металл Литий - иә

2 - сайыскер
1. Айдахар бейнесіне ұқсайтын элемент Кукірт - иә
2. Адам шашында алтын бар - иә
3. Ас тұзының формуласы
4. Период саны 3 - жоқ
5. Көмір қышқылының тұзы Сульфат - жоқ
6. Күміс қасық қараяды - иә
7. Сутекті ашқан ғалым Пристли - жоқ
8. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл Йод - иә
9. Ең қатты металл Литий - жоқ
10. Ең ауыр металл - Осмий - иә
18 355
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе.
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Жаратылыстану пәндерінің көшбасшысы
Химия пәні мұғалімі: Жумакулова Г.Ж.
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Химия пәніне арналған дайын стендтер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×