Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аукцион сабақ

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Аукцион сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім - білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, сауатты сөйлесу дағдысын, жан - жақты ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, тірек - сызбалар
Сабақ түрі: Сайыс сабақ,
Сабақ типі: пысықтау сабағы
Пән аралық байланыс: экономика, тарих, қазақ тілі пәндерімен, өмірмен байланыстыру.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
Аукционатты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!
Ойын 4 турдан тұрады:
І тур - «Алғашқы капитал»
ІІ тур – «Көшбасшылар сайысы»
ІІІ тур – «Таңдау - табыс»
ІҮ тур – «Сыйлықтар аукционы»
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Эксперт төрағасы:
Мүшелері:
Сынып үш топқа 4 адамнан бөлінген. Әр топ өз атаулары, ұраны, көшбасшылары бар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл – ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларды. Әр топ өз аты мен ұранын таныстырып өтсін.
І тур «Алғашқы капитал»
Ережесі:
Ойын ережесі бойынша, әр топ саудаға қатыса алады. Яғни, өз таңдауы бойынша сұрақ алады. Сұраққа жауап берген топ, сол сұрақтың бағасы бойынша бал жинайды. Егер сұраққа жауап бере алмаса, ол сұрақты келесі топ алу құқығына ие болады! Жиналған бал есептелінеді

Эксперттерден І турдың қорытындысын сұраймыз.

Жүргізуші: - Біздің ІІ - турымыз «Көшбасшылар сайысы» деп аталады. Бұл турда топ капитандарына сұрақ қойылады. Әр топ капитанына 1 минут уақыт беріледі, сұрақ саны – 15. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Бірінші боп жоғары капитал жинаған топ бастайды. Дайынбыз ба?
І топқа қойылатын сұрақтар:
1. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
2. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)
3. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
4. PAINT қандай редактор? (графиктік редактор)
5. Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)

ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа. (PAINT)
4. Вирусты тауып жоятын программа (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Бір байтта қанша бит бар? (8)
7. Компакт – дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM, дисковод)
8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
10. Мәліметтер енгізу пернесі (enter)
11. Қазіргі кезде кеңінен тараған архиваторды ата. (WinRar, WinZip),
12. Монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әдетте ол квадрат пішінді болады. (пиксель).
13. 1Г байт информация неше Мбайтқа тең? (1024 Мбайт)
14. Ақпараттың ең кіші бірлігі.... (бит)
15. Құжатты баспаға шығару құрылғысы. (принтер)

ІІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
3. WINDOWS сөзінің аудармасы (терезе)
4. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (delete)
5. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
6. Бір килобайтта қанша байт бар? (1024)
7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)
8. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (компьютер)
9. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
10. ЭЕМ – нің негізгі құрылғылары (жүйелік блок, пернетақта, монитор)
11. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)
12. Компьютердің миы, ақыл - ойы, жүрегі (поцессор)
13. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
14. Бас әріптер режимін іске қосу (CapsLock)
15. Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор)

Эксперттерден ІІ турдың қорытындысын сұраймыз.
Рахмет!!!
Жүргізуші: ІІІ тур – «Таңдау - табыс». Әр топ ұсынылған пәндерден біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 50 теңге. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
1. Қазақ тілі. Екі буынды екі сөздің бірінен - бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер? (Үкі, екі)
2. Орыс тілі. Мягкий знак и твердый знак
Разговаривают так: - Сколько я пирожных съем?
Мягкий знак ответил: «Семь!». Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?
Жауабы: съем – 4 буквы, 3 звука
семь – 4 буквы, 3 звука

3. Математика. Бөрененің ұзындығы 120 см.
Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?
Жауабы: 120*1/3=40, 120см – 40см=80см

4. Қазақстан тарихы. Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Түркістан қаласы.
Жүргізуші: -. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 теңге. Ең жоғары баға – 70 теңге. Кім жоғары баға ұсынады?

1. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)

2. Он екі ақ парақ –
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем – ақ
Сызылған тақталап. (дәптер)

3. Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)

4. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)

5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
тұр бойында. (сызғыш)

6. Дүниеге тұмсызқсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)

7. Күн - күн сайын
жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық (күнтізбе)

8. Бірге барып класқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады. (күнделік)

Жүргізуші: Сөз кезегін эксперттерге береміз.
(Эксперттер төрағасы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады. Жеңілген командаға алғыс хат беріледі. Жеңген команда дипломмен марапатталады)

Жүргізуші: Назарларыңызға қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
9 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×