Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрмалас сөйлем

03 қазан 2017, Сейсенбі
Құрмалас сөйлем
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Ауызша сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше іздену, талдау әдістері
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кестелер, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сынып оқушылары сөйлемдерді таңдап алады. Ол сөйлемдер жақты, жақсыз сөйлемдерге байланысты, жақты сөйлемі бар оқушылар 1 - топ, ал жақсыз сөйлемі бар оқушылар 2 - топ болады. Топ басшыларын сайлайды, топтың атын қояды.
Бағалау парағына топ басшысы аттарын жазып қою.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйге берілген тапсырманы сұрау;
2. Өтілген тақырыпты «Сандар сыры» ойынымен пысықтау.( интерактивті тақтада сандар тұрады, сол сандарды оқушылар таңдап, артындағы сұрағына жауап беру керек)
3. Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктерін ата.
6. Жай сөйлем дегеніміз не?
7. Жақты сөйлем дегеніміз не?
8. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
9. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
10. Толымды сөйлем дегеніміз не
11. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
12. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
13. Терезеден оның жүзіне айдын жұмсақ нұры түсіп тұр.
14. Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

ІІІ Жаңа сабақ:
Өтілген тақырыптарды топтастыру әдісі арқылы қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру. Сөйлемнің түрлері топтастыру әдісі бойынша слайдта көрсетілген.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлем жүктеу
2 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Атаулы сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Кейбір жай сөйлемдер іс - оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×