Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

15 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Маңғыстау облысы.
Қомшабаева Арайлым Бексейтқызы

Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ж/дәптер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушыларды түгелдеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
- зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ – жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.

III. Жаңа сабақ: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК - де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Жұмысты аяқтағанда
5. Авариялық жағдайларда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
• Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Дәрігер шақыру {мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

• Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (винилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын - ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

• Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

• Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса. қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан - ауызға) керек.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Күйген жағдайда қандай көмек көрсетеміз?
ЭЕМ - де жұмыс істеу кезінде көз бен экранның ара қашықтығы қанша болады?
ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары қандай? ….

V. Сабақты қорытындылау:
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерін жаттау.
8 865
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру тәсілдерімен танысады; Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Астана қаласы, №48 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Өмірзақов Нұржан Тұтқабайұлы
Информатикадан күнделікті сабақ жоспар топтамасы
Информатикадан күнделікті сабақ жоспар топтамасы
Информатика пәні мұғалімі: Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Информатика 11 сынып
Информатика 11 сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысу. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, көз талғанда жасалатын жаттығулармен танысады.
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×