Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндік ақпаратты кодтау

26 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: §3 Мәтіндік ақпаратты кодтау
Мақсаты: Барлық оқушылар
Мәтіндік ақпаратты кодтауды үйренеді. Нақты бір код символының тағайындалу маңыздылығын түсінеді және ол кодтық кестеде бекітілетінің біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әр түрлі стандарттарға сүйенетінін біліп, бірақ барлығына бірінші негіз болған АSCII стандартымен жұмыс
жасай алады. Unicode кодтау кестесінде бір символ кодтау үшін 2 байт пайдаланатынын біледі.
Кейбір оқушылар
Әртүрлі кодтық кестелермен символдарды кодтай біледі, әртүрлі кодтаудағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мәтіндерді салыстырады.
Күтілетін нәтиже: Кодтау кестелерін пайдаланып мәтінді кодтауды үйренеді;
Мәтіндік ақпаратты екілік код түрінде көрсетуді.
Ой толғаныс.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
А – деңгейі.
1 - тапсырма
Төменде берілген хабарламада ақпараттың санын символда және байтта анықтаңдар:
Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығына алғашқы негіз болған АSCII стандартты.
АSCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі бекітілген – негізгі және кеңейтілген.
Монитор экранындағы графикалық ақпарат кескін түрінде беріледі, ол белгілі бір қатарлар санынан қалыптасады. Ал ол өз кезегінде белгілі бір нүктелерден (пиксельдерден) тұрады.
2 - тапсырма
1. Блокнот программасын ашыңдар (Іске қосу – Программалар - Блокнот).
2. Осы тәжірибелік жұмыстың 1 - тапсырмасындағы мәтінді енгізіңдер.
3. Жақшаның ішіндегі мәтінді Жұмыс үстелінде сақтаңдар (Файл – Сақтау – Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар – файлдың атауын теріңдер – сақтау – Блокнотты жабу).
4. Осы файлдың ақпараттық көлемін компьютер арқылы анықтаңдар (файлды ерекшелеп алыңдар – Контекстік мәзірін шақырыңдар – Қасиеттер ( Свойства)).
В – деңгейі.
1 - тапсырма
А деңгейінің 1, 2 тапсырмасын орындаңдар.
2 - тапсырма
1. 1 - тапсырмадағы мәтінді дыбыстық файл түрінде жазыңдар: Дыбыс. wav (Іске қосу – Программалар – Стандартты – Дыбыс жазба – Жазба батырмасын басыңдар және мәтінді микрофонға дауыстап оқыңдар).
2. Бұл мәтінді Жұмыс үстелінде сақтаңдар (Файл – Сақтау – содан соң Жұмыс үстелі бумасын таңдаңдар, файлдың атауын енгізіңдер – Сақтау).
3. Бұл файлдың ақпараттық көлемін анықтаңдар.
4. Мәтіндік және дыбыстық файлдардың көлемін салыстырыңдар.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі
Талбаева Асель Аманкосовна

Толық нұсқасын жүктеу
3 182
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау
Компьютерде сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтауды әдісімен таныстыру.
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмурзиева Ботакөз Сембайқызы
Ақпаратты түрлендіру
Ақпаратты түрлендіру
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×