Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Adobe Photoshop» бағдарламасы Түзететiн (корректирующи) қабат Gradient Map.

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Adobe Photoshop» бағдарламасы.
Түзететiн (корректирующи) қабат Gradient Map.

Сабақтың мақсаты: Adobe Photoshop бағдарламасының құралының мүмкіндіктерін пайдаланып, Gradient Map коррекциялы қабатта суреттерді өңдеу мүмкіндіктерін меңгеру, галерея ұйымдастыру, бағдарламаның негізгі мүмкіндігін ашу.

Тәрбиелігі: Оқушылардың компьютерлік графика пәніне қызығушылығын оятып, бағдарламалық технология мүмкіндіктерін толық меңгеруге, ой - қиялдарын әрі қарай арттыруға, өзіне деген сенімділікке, келешекте өзінің таңдаған мамандығы бойынша жақсы маман болуға баулу.
Әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны қолдануда нәтижеге жетудегі алғашқы қадамды, компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру. Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу

Әдіс - тәсілдері: интерактивты тақтаны қолданып түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, презентациялар.
Көрнекілігі: Иллюстрация үлгілері, презентация, электрондық оқулықтар, буклет.
Пәнаралық байланыс: дизайн, туынды, информатика.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды дұрыс отырғызып назарларын сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты қайталау
Cөзжұмбақ.

III. Жаңа сабақ:
а) өткен сабаққа байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
ә) өз бетінше жұмыс
б) жаңа сабақты қорыта келіп, оқушыларды бағалау
в) үй тапсырмасын беру
Сабаққа қажетті жабдықтар: Дербес компьютер, Adobe Photoshop
бағдарламасы, сапасы жақсы графикалық
материалдар.

Сабақтың жоспары

1 Ұйымдастыру кезеңі. Қауіпсіздік ережесімен таныстырып шығу. 5 мин
2 Өткен сабақты қайталау. Сөзжұмбақ. 5 мин.
3 Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалімнің компьютерде жаңа сабақты түсіндіріп, көрсету. Тапсырманың орындауы үшін әсер тiзбектiң кезеңді демонстрациясы. 15мин.
4 Практикалық жұмыс Оқушылардың дербес компьютерде өз бетінше тапсырманы орындау. 15 мин
5 Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Дайын болған файлдарды жұмыс папкасына сақтау. 5 мин

Сәлеметсіздер ме!
Компьютермен жұмыс жасар алдында техника қауіпсіздік ережесін қайталайық.
«Компьютерлік графика» пәні негізінде бүгін әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны меңгерген, компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру мақсатымен Adobe Photoshop бағдарламасында «Түзететiн (корректирующи) қабат Gradient Map» тақырыбында жоспарланған сабақты бастауды рұқсат етіңіздер.

Яғни бүгінгі сабақта оқушылар компьютерлік графика шығармашылық курсын оқып үйренуде алған білім - біліктерін практикада қолдана білу қабілеттерін көрсетеді. Сонымен практикалық жұмысқа көшпес бұрын өткен сабақты қайталайық. Төменде келтірілген сөзжұмбақта Фотошоп бағдарламасында өткен тақырыптар жасырылған.

Қайталау:
«Сөзжұмбақ»

1. Әртүрлі әсерлерге (эффект) қол жеткізу үшін мәзір (меню) жолындағы қай әрекетті қолданамыз?
(фильт)
2. Ctrl+T батырмалар қосындысы не үшін қолданылады? (трансформация)
3. Бір түстен екінші түске бояйтын құрал? (градиент)
4. Ерекшелеу құралы? (лассо)
5. Ретушқа арналған құрал? (штамп)
6. Жұмыс бетінде еркін жұмыс істеуге, жылжытуға, үлкейтуге арналған панель? (навигатор)
7. Сурет салу құралы? (пішіндер)

Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта фотосуретпен жұмыс жасаймыз, негізгі амалдарын мен Photoshop бағдарламасында көрсетіп өтейін.
Түзететін қабат графикалық файлдарды жасауға және өңдеуге өте қолайлы. Суретті, түстерді түзетуге, әртүрлі пішіндер жасауға қолданылады.
Түзету әрекеттерін (команды) қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі негізгі қабаттың өзіне, екіншісі түзету қабатын жасау арқылы қолданады. Екінші
әдісі негізгі файлдың пиксельдерін өзгертпейді, сол үшін біз қорқпай әртүрлі әсерлерді жасай аламыз.

Бүгін біз Gradient Map түзету қабатымен жұмыс жасаймыз. Зергерлік дүкеннің жарнамалық үлгісін жасаймыз. Бұл әрекет (команда) бізге алтын және күміс түстерін жасауға көмектеседі.
Бастапқы файлды бағдарламада ашамыз.
Енді суретіміз алтын түске бояу үшін жаңа Gradient Map түзету қабатын ашамыз. Ол үшін Мәзір (Меню) жолында Қабат – Жаңа түзету қабат - Gradient Map әрекетін жасаймыз.


Ашылған терезеде градиенттің түстерін таңдауға болады. Бізге ерекше түс керек болғандықтан градиенттің түстерін өзгертеміз.
Пайда болған градиент терезенің үстінен бір шертеміз, енді қалқып шыққан кестеде түстерді таңдауға болады. Металик түстерді жасау үшін қаралау түстерді ортасына қарай, ал ақшыл түстерді шетіне қарай орналастыру керек. Градиентті толық түстерін жасап болғаннан кейін, ОК батырмасын шертеміз.
Түзету қабатын толық жасап болғаннан кейін негізгі және Gradient Map қабатын біріктіреміз, ол үшін клавиатурадағы Ctrl+E батырмаларын шертеміз.
Жасаған жұмысымызды қарап кемшілік жерлерін түзесек болады.
Қабаттарға Фильтр қолданып, мәтінді тереміз. Ол үшін Т Текст құралын кіреміз. Мәтінді дұрыс орналастырып, трансформация қолданамыз. Шрифттің стилін таңдаймыз. Ол үшін Стиль слоя панелін ашамыз, онда түсіп тұрған көлеңке, өзінің көлеңкесі, градиентті бояуды таңдаймыз.



Практикалық жұмыс: Оқушылардың әрқайсысы өз бетінше бастапқы
файлмен жұмыс жасайды.
Әртүрлі градиентті қолданып ерекше әсерлерге (эффект) мұғалімнің
көмегімен қол жеткізу.

Сабақты қорытындылау: Сонымен компьютерлік графика бізге не үшін керек?
деген сұраққа жауап іздеп көрелік, кім айтады?
Жауаптар:
Оқушылар
- компьютерлік графиканы шығармашылық жұмыстар жасауға пайдалана білу.
- ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін әлемдік деңгейде меңгерген жағдайға жету.
- компьютерлік графиканы болашақ мамандық таңдауда, компьютерлік сауаттылық негізін қалыптастыру.
Жасалынған жұмыстарды тексеру. Қателерін және кемшіліктерін талқылау. Оқушыларды бағалау. Дайын жұмысты жұмыс папкасына сақтаймыз.
Үй тапсырмасы
Мұғалім: бүгінгі өткен сабақтың тақырыбына фотосуретті қолданып бірнеше нұсқау жасау.
Оқушыларды бағалау
Сабақ барысындағы бағалау қорытындысын ала отырып сабақты аяқтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің ашық сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет.
Сау болыңыздар!
7 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы. Информатика пәні мұғалімі Тимур Шарипкалиев
Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары
Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі Нурмаганбетов Талгат Сабитович
Файл форматтары
Файл форматтары
Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімі: Матжанова Жанар Оңғарқызы
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
№5 Михаил Ломносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза Муслимовна
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі жоғары категориялы информатика пәні оқытушысы Абайдуллаева Роза Папановна
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Секциясы: Информатика Ғылыми жоба тақырыбы: Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері Ғылыми жұмыс авторы: Мұратов Ринат Жоба жетекшісі: Кунафина Меруерт Нуржановна информатика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×