Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика кеше, бүгін, ертең

16 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Информатика, кеше, бүгін, ертең
Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.
Қатысушылар: 3 - 4 сынып оқушылары.
Әділқазылар мүшелері: Бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған мүше.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 6 оқушы қатысады.

Жоспар:
I. Компьютер құрылғысын білеміз бе
II. Адасқан әріптер
III. Физкультминутка
IV. Жұмбақ шешу
V. Қиықтар жинау
VI. Сиқырлы тізбек

Мұғалім:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен - деп 1 – кезең. «Компьютер құрылғыларын білеміз бе?» (сұрақтар қойылады)
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
2. Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)
3. Тышқанның түрлері қандай?(екі батырмалы, үш батырмалы)
4. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)
5. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)
7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)
8. ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен)

Мұғалім:
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссың - деп 2 – кезең. «Адасқан әріптер»
Монитор --------- Торнимо
Компьютер -------- Пьютерком
Тышқан ------------ Қантыш
Колонка ---------- Каколон
Интернет --------- Тенинтер
Сурет --------- Терус
Бояу -------- Уяоб
Наушник --------- Никнауш

Мұғалім:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға - деп 3 - кезең. «Физ минутка»

Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе ауыстырып созғандар ойыннан шығады.
Мұғалім:
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Бүгінгі кеште біз бастайық,
Сайыста көңілмен қол соғайық – деп 4 - кезең. «Жұмбақ шешу»

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)

Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)

Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)

Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)
Мұғалім:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып - деп 5 - кезең: «Қиықтар жинау»
Алдарындағы қиықтарды жинап құрастыру керек және оны бояу керек. Тез жылдам орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.
Мұғалім:
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста - деп 6 - кезең: «Сиқырлы тізбек»
Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.
Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт;

Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған оқушыларды I, II, III орынмен марапаттау.
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!
9 725
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттар әлемі сайысы
Ақпараттар әлемі сайысы
Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату. Өз білімдерін дамытуға,
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×