Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суреттер және фигуралық мәтін кірістіру

28 қазан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Суреттер және фигуралық мәтін кірістіру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға WORD - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Графикалық бейне және фигуралық мәтін кірістіру кірістіруді үйрету.
Білімділік: Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойларын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу. Информатика пәніне деген оң көзқараспен қызығушылықты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар демонстрацияны көрсете - түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. Жаңа сабақты қорытындылау.
IV. Практикалық бөлім.
V. Сабақтың жалпы қорытындысын шығару.
VI. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен амандасып, түгелдеу;
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3) Сабақ мақсатын хабарлау;

II. Жаңа сабақты түсіндіру.
WORD - мәтіндік редакторына кіру жолы.
Пуск→все рограммы→ Microsoft office → Microsoft word

Терезе элементтері
• Тақырып жолы;
• Меню қатары;
• Стандартты жол;
• Пішім жолы;
• Сызғыш;
• Айналдыру жолағы;
• Сурет салу аспаптарының панелі;
• Қалып күй қатары;

Мәтіндік процессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Сурет кірістірудің жолы: Вставка - Рисунок мәзірінен шыққан менюден біз картинки, из файла, со сканера или камеры, создать рисунок, автофигуры, обьект WORDART, организационная диаграмма, диаграммма әмірлері орналасқан. Соның ішінде картинки, из файла және обьект WORDART әмірлерін өтеміз.
Сонымен, сурет кірістірудің екі жолы бар,
Вставка - Рисунок - Картинки
стандартты офисте орналасқан суреттерді қоямыз, ал
Вставка - Рисунок - из файла
әмірі арқылы компьютерде сақталған, яғни басқа графиктік редакторлар арқылы немесе ендірілген суреттерді қоя аламыз.

Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолын айтайық.
1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
2. Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайсыңдар.
3. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
4. Избранное терезесі ашылады.
5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
7. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
8. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка - Вставить командасын орындайсыңдар.
9. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
10. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
11. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмысн шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК - ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
12. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немесе сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан ейін қажетті жағдайды таңдап ОК - ді басу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 122
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
CORELDRAW – да мәтінмен жұмыс
CORELDRAW – да мәтінмен жұмыс
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Иргалиева Лаура Тойлыхановна
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Word - тың графикалық мүмкіндіктері
Word - тың графикалық мүмкіндіктері
Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×