Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


CORELDRAW – да мәтінмен жұмыс

22 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: CorelDraw мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді
Білімділік: жүйелік бағдарламалар түсінігін оқушыларға жеткізу.
Тәрбиелік: Оқушыларға тәлім тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, плакат, ДК.
Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
CorelDraw мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.
1. Artistic text – фигуралық мәтін
2. Paragraph text – қарапайым мәтін
Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффекттерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.
Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатын параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т. б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады. Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.
Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.
Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез - келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.
Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.
Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F - батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.
1. Character - cимволдар
2. Paragraph - абзацтар
3. Tabs - табуляция
4. Columns - колонкалар
5. Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.

Шағылысу (Mirror)
Бұл функция мәтінді солға, оңға немесе жоғарыдан төменге айналдыруға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Фигуралық мәтінмен орындалатын операциялар.
2. Қарапайым мәтінмен орындалатын операциялар.
3. Мәтінді траектория бойымен орналастыру түрлері.
Тапсырма
Мәтінді ирек және дөңес сызықтардың үстінде орналастырып сол ретімен сөйлемді жазамыз

ІV. Практикалық сабақ
Практикалық жұмысқа компьютерге отырғызу
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма: инструмент пен командалардан тұратын пернеледрді оқып жаттап келу.
13 267
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Суреттер және фигуралық мәтін кірістіру
Суреттер және фигуралық мәтін кірістіру
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, М. Шоқай атындағы № 187 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Нысанова Нұргүл Қуанышқызы
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі
Word - тың графикалық мүмкіндіктері
Word - тың графикалық мүмкіндіктері
Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×