Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Word - тың графикалық мүмкіндіктері

24 қаңтар 2012, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Word – тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: MS. Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен
Білімділік: жұмыс жасай білу,сурет енгізу, фигуралық мәтін енгізу және т.б жұмыстарды жасап үйрену
Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау,
есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тест, үлестірмелі парақтар, сөз жұмбақ
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1- мин
1.сәлемдесу 2. сынып түгелдеу
3. оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау( топпен, оқушылар арасында сұрақ - жауап бойынша) 5-6 мин
ІІІ Жаңа сабақ – түсіндіру 10- мин

Word – тың графикалық мүмкіндіктері
MS. Word мәтіндік редакторын іске қосу тізбектерін қайталау және орындалатын операцияларды еске түсіру.
MS. Word редакторында мәтін енгізуге, пішімдеуге, қатені түзетуге, мәтіндік құжат құруға, пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері:символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Абзацтық шегіністерді қолдануға, тасымал жасауға, мәтінді жылжытуға, көшіруге, беттерді номерлеуге , кесте құруға, құжатты баспаға беру операцияларын орындауға болады және Word – тың графикалық мүмкіндіктері.Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады.
Word – та енгізген мәтінімізге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге болады. Paint - та салған суретті алмасу буферінің көмегімен орындалатын командаларды пайдаланып кірістіруге болады.

Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін:
1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз
2.Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз
3.Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз.
4.Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
5.Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз.
6.Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз.

Фигуралық мәтін кірістіру

Фигуралық мәтін кірістіру үшін Коллекция WordArt диалогтік терезесін пайдаланамыз.
Ол үшін:
1.Меңзерді мәтіннің басына орналастырамыз
2.Вставка – Рисунок - Объект WordArt командасын орындаймыз
3.Коллекция WordArt диалогтік терезесінде ұнаған қаріп стильін таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
4.Изменение текста WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне мәтін енгізіп, Ок батырмасын шертеміз.
IV Сабақ бекіту: карточкамен жұмыс 1-2 мин
V Сөз жұмбақ шешу: терезе элементтерінің міндеттері 1- мин
VI Практикалық бөлім: Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау
Компьютермен жұмыс: әр оқушыға жеке тапсырма беру
Компьютермен жұмыс жасағанда әр топқа 10-15 минуттан уақыт беріледі.
Тапсырма – 1: Мәтін енгізу, графикалық объекті орналастыру
Тапсырма – 2 : Кесте құру, көшіру,ұяшықтарды біріктіру, кесте толтыру
Тапсырма – 3 : WordArt терезесін пайдаланып открытка жасау
Тапсырма – 4: Paint - та салған суретті Word- қа көшір
Тапсырма – 5 : Кесте құру, ұяшықтарды біріктіру. кестеге графикалық объекті кірістіру

Орнындағы оқушылар: « Сөз жұмбақ » шешеді
Екінші орын ауыстыру, көзге, қолға жаттығу жасау
Екінші ауысымдағы оқушылар интерактивті тақтада дайындалған « тест » бойынша жауап береді
Жұмыстарын аяқтап компьютерді жауып барлық оқушылар орындарына отырады
Интерактивті тақтада Word редакторының құрал – саймандарын атап, қызметін айтады 1- мин
Үйге тапсырма: Word – тың графикалық мүмкіндіктері 147-148 бет 1- мин
Қорытынды: Оқушылардың орындаған жұмыстарын ескере отырып, олардың тапқырлығы мен жіберген кемшіліктерін ескере отырып білімдерін бағалау, күнделікке баға қою. 1- мин
17 389
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×