Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағыттаушы қосымшасы. Қапшықтардың құрылымы және жасалуы.

15 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім

Бағыттаушы қосымшасы. Қапшықтардың құрылымы және жасалуы
Сынып: 7
Сабақтың мақсаты: «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, объектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекіліктер: тесттер, таратпа материалдар.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Дербес компьютер, ИТ, СИН бағдарламасы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.

II. Өткенді пысықтау.
1. Ауызша сұрақтар:
Жұмбақтар шешейік
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
3) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)

III. Жаңа сабақ
1. Сен Windows - тың қандай объектілерін білесің?
Windows объектілері
Негізгі Арнайы
1. Қапшықтар
2. Бағдарламалар
3. Құжаттар
4. Таңбашалар 1. Бас меню
2. Басқару тақтасы
3. Менің компьютерім
4. Себет

Windows – дің қапшықтарының иерархиясының ең басты Жұмыс үстелі қапшығы болып табылады.
Файл - бұл аты бар байттар тізбегі.
Файлдың аты
Сол жақ бөлігі Оң жақ бөлігі

Windovs 98 жүйесінде файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:
1. Файлдың аты мен кеңейтілу болады.
2. Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін. Бірақ басқа үйелермен жұмыс істегенде, мысалы, МS - DOS жүйесінде файлдың аты 8 таңбадан аспауы керек екенін есте сақтау керек.
3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды:
дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.
4. Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

1. Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:
1. doc - мәтіндік файлдар;
2. bmp - графикалық файл;
3. htm - Web - Internet беті;
4. TXT – блокнот бағдарламасының құжаты
5. ppt – қолданбасының кеңейтілуі
Файлдың атын оның мазмұнына сай беру дұрыс болады.
Файлдардың арасынан мәтіні, графикалық және дыбыс ақпараты, бағдарламалар мәтіні, бағдарламалар жұмысы туралы деректер және т. б. бар бағдарламалар (қолданбалар) мен құжаттарды ерекшелеу керек.

Жаңа қапшықтар құру
Қапшықтар - бұл қандай да 6ip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: 6ip ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы.
Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтар болып екіге бөлінеді. Windovs – тің объектілері жүйелік қапшықта сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандайда бір өзгерту енгізілсе, жүйе жұмысының дұрыс істемеуі немесе жұмыс барысында тұрып қалуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтар: Windovs, Program Files және бағдарламалар арқылы құрылған қапшықтар жатады.
Жұмыс жасайтын негізгі қапшықтар:
Менің компьютерім - ДК ресурстарына қатынау; Логикалық дискілер; Себет; Принтерлер; Файлдары бар кәдімгі қапшықтар (каталогтар).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 137
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файл, файлдарды сақтау және ашу
Файл, файлдарды сақтау және ашу
Оқушыларға файл жайлы түсінік беріп, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйретіп, меңгерту.
Объектілермен жұмыс істеу
Объектілермен жұмыс істеу
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?
Файлдар мен қапшықтар. Обьектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан Ахметқызы
Файлдар мен қапшықтар
Файлдар мен қапшықтар
Информатика пәні мұғалімі: М.Керейтбаева
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика оқытушысы Тилемисова Майра Жорлмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×