Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Желілік жабдықты баптайтын білікті мамандарды даярлау

20 тамыз 2021, Жұма
Категориясы: Білім
Желілік жабдықты баптайтын білікті мамандарды даярлау
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуда цифрлық экономика мен цифрлық оқытуды құру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі күні цифрландырудың әсерінен білім беру нәтижелерінің жаңа жиынтығының мазмұны, кәсіби және әмбебап құзыреттіктердің жиынтығы айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Бұл өз кезегінде өндірстегі әр маманның цифрлық дағдыны игергенін және кәсіби IT мамандарға деген сұраныстың жоғарлауына әкеліп соғады. Колледждер де IT мамандарды сапалы дайындауға қажеттілердің бірі – заманауи қондырғылар мен жабдықтардың болуы. Осыған орай Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Жас маман» жобасына қатысуда.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 2020 жылы республика бойынша кадрларды дайындауда үздіктер қатарынан танылып, «Жас Маман» жобасына ІТ, құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласы бойынша енді. Бұл оқу орны үшін материалдық - техникалық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі.
Бүгінгі күні колледжде жалпы саны 2413 студент білім алуда, соның ішінде IT бағыты бойынша 746 студент және 2020 жылға жұмысқа орналасу 92%- ды құрайды. «Жас Маман» жобасы шеңберінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі негізгі 7 бағытты жүзеге асыруды жоспарлауда:
• Құзыретті бағалау орталығы
• Worldskills оқу - жаттығу жиыны
• Стартап жобаларды әзірлеу
• Халықаралық салалық аккредиттеу
• Ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс
• Жұмыссыз халықты оқыту және қайта даярлау
• Үздіксіз білім берудің экожүйесін құру
Кәсіби стандарттарға, практикаға бағдарланған оқу жоспарлары, жетекші вендорлардың академиялық бағдарламаларын енгізуге бағдарлау – еліміздегі кәсіптік білім берудегі соңғы трендтер. Жаңа типтегі жоғары технологиялық компанияларда жұмыс істеу үшін кейбір пәндік салаларын да белгілі бір білім мен дағдыларды қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге қабілетті жақсы мамандарды қажет етуде. Аталған бастамалардың арқасында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі әрдайым білікті IT - кадрларды даярлау бойынша жетекші орындарға ие болуда.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында 2019 жылы ІТмамандар даярлау мақсатында арнайы халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие «СISCO Академиясы» зертханасы жұмыс істеуде.
Бұл желілік құрылғыларды зерттеу және пайдалану, баптау мен жөндеу, Cisco жоғары приоритетті жабдықтарының ішкі желілерін қолдану мақсатындағы тәжірибеден туындаған. CISCO академиясы – деректерді беру желілері киберқауіпсіздік, бағдарламалау, жүйелік әкімшілендіру, заттар интернеті сияқты бағыттар бойынша жүйелік администраторды іргелі даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Жүйелік администратор – бұл компанияның ІТ - инфрақұрылымын, соның ішінде жабдықты, периферияны, бағдарламалық жасақтаманы және желілік қосылымдарды баптаумен, жетілдірумен және қолдаумен айналысатын маман. Жүйелік администратордың жұмысы компанияның көлеміне, қызмет саласына, әкімшінің тәжірибесі мен дағдыларына байланысты.
Бүгінгі күні колледжде оқу процесі NetAcad порталы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар Cisco Сертификатталған Желілік Серіктесі (CCNA) екінші деңгейдегі халықаралық сертификаттауға мүмкіндік береді. Сертификатталған желілік серіктес негізінде коллежде төмендегі бағыттар бойынша оқыту жүргізіледі:
• CCNAv7: Introduction to Networks (Желіге кіріспе);
• CCNAv7: Enterprise Networking Security and Automation (Корпоративтік желілердің қауіпсіздігі мен автоматтандырылуы);
• CCNAv7: Switching Routing and Wireless Essentals (Коммутациялық маршруттау және сымсыз желілер);
Бұл халықаралық сертификат әлемнің кез - келген жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін ақпаратты кодтау және беру теориясының негіздері, есептеу техникасы зертханасы, жеке компьютер мен перифериялық құрылғылары бар оқу кабинетін қажетті етеді. «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» оқу бағдарламасы «Жас маман» жобасы шеңберінде телекоммуникациялық тіреу, dell r630 сервері, серверлік жабдықты жинақтауды, монтаждауды, баптауды және қызмет көрсетуді жүргізуге арналған Cisco коммутаторлары мен маршрутизаторлары сияқты жабдықтармен толықты.
Аталған жабдықты оқу процесінде белсенді пайдалану білім беру қызметінің сапасын арттыратыны және түрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына дайындық кезінде үлкен артықшылық болатыны сөзсіз.
Қазіргі уақытта «Жас маман» жобасының шеңберінде колледждің оқу - өндірістік базасы жаңартылды. Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттары бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер заманауи желілік құрылғыларды, яғни консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді.
Қазіргі таңда «Жас маман» жобасының операторы «Talap» КеАҚтің консультативті - методикалық қолдауымен жаңа бағдарламаларды енгізу, педагогтерді даярлау және менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылуда.
Жалпы колледжді жабдықтауға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалды. Нәтижесінде WorldSkills жаттығу лагері құрылып, бізге әртүрлі деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр. Жаттығу лагерінің жұмысының нәтижесінде колледжіміздің студенттері аймақтық World Skills - 2020 чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.
Қорытындылай келсек, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру арқылы колледжіміздің базасын заманауи құрылғылармен толықтырып, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қажетті дағдымен қамтамасыз ете отырып, еңбек нарығына және халықаралық талаптарға сәйкес кадрлар даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар өзінің оң нәтижесін береді деген сенімдеміз, өйткені талантты жастардың дайындауға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Бесінші технологиялық революция жүйелік трансформациямен тікелей байланысты. Жасанды интеллектті, нейрондық желілерді, заттар интернетін, бұлтты технологияларды, 5G жоғары жылдамдықты деректерді беруді, телематиканы, шеткері және кванттық есептеулерді одан әрі дамыту үшін IT - дің экологиямен, киберқауіпсіздікпен және адам капиталымен тепе - теңдігі қажет. Келесі дәуірде технология мен әлем арасындағы шекаралар жойылады. Біз кинотеатрлар мен футурологтардың кітаптарының беттерінде жарты ғасыр бұрын жаңа мүмкіндіктердің құрылымын көрдік. Көп ұзамай барлық технологиялар біртұтас – жаһандық желіге, "ақылды" урбанизмге, цифрлық экономикаға интеграцияланады. Болашақ жақын жерде...
Е. Б. МУКАЖАНОВ,
Талдықорған жоғары политехникалық
колледжінің директоры,
физика - математика ғылымдарының кандидаты
630
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Halyk Academy жобасы кеңеюде
Halyk Academy жобасы кеңеюде
2021 жылғы 19 сәуір, Алматы қаласы. Клиенттердің қажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеуде. Өткен жұмада Қазақстан - Британ
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
Еліміздің барлық аймағынан мыңнан астам педагог қосылған NIS дөңгелек үстелінде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талданды.
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
2021 жылғы 2 6 ақпан, Алматы қ. - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды.
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.