Дора Қазақстандағы балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектеседі

Paramount жаһандық медиа - тобы «ДОРА» мектепке дейінгі анимациялық шоуындағы әйгілі кейіпкердің оралғанын хабарлайды. Nickelodeon Animation студиясы ұсынған және 26 жаңа 11 минуттық эпизодты қамтитын телехикаяның тұсаукесері Қазақстанда дүйсенбі күні, 15 сәуірде жергілікті кабельдік операторлар мен интернет - провайдерлер арқылы қолжетімді Nick Jr. арнасында өтті.
Заманауи компьютерлік графика мен қызықты сюжеттік желілердің арқасында барлығының сүйікті қос тілді саяхатшысы Дора мен оның ең жақын досы маймыл Етікше, ғажайып тропикалық орманда қызықты оқиғаларды бастан кешеді. Жол бойында олар кездесетін қиындықтарды жеңіп, көрермендерге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі.
2000 жылы Nickelodeon - ға шыққаннан бері қазақ тіліндегі аудармасында «Зерттеуші қыз Дора» деген атпен белгілі «Dora The Explorer» түпнұсқа телехикаясы тез арада әлемдік поп - мәдениеттегі құбылысқа айналды және шамамен 25 жыл өтсе де ғаламшардағы мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең жоғары сұраныстағы шоулардың бірі болып қала береді. Дора әлеуметтік, ұлттық және тілдік шекараларды басып өтіп, бүкіл әлем бойынша миллиондаған балалар үшін қаһарман және дос болды. Қазір оны 150 - ден астам елде 32 тілде көруге болады. Сегіз маусым ішінде шоу көптеген беделді халықаралық марапаттарды иеленді, соның ішінде «Эмми» және теледидар сыншылары қауымдастығының сыйлығы.
***
Nick Jr. Nickelodeon бренд топтамасының бөлігі. 43 жыл бұрын жасалған Nickelodeon - балаларға арналған ойын - сауық бренді. Ол балалар мақсатын бірінші орынға қойып, бүкіл әлемде сол ұмтылысын іске асырып келеді. Брендке АҚШ - тағы және бүкіл әлемдегі теледидарлық бағдарламалар мен студиялар, сонымен қатар тұтыну тауарлары, цифрлық технологиялар, ойын - сауық саябақтары, баспа қызметі және фильмдер өндірісі кіреді. Nickelodeon - Paramount ойын - сауық брендтерінің жаһандық топтамасының бөлігі.
Paramount (NASDAQ: PARA; PARAA) - дүние жүзіндегі аудиториялар үшін премиум контент жасайтын әлемдегі жетекші медиа және ағындық, ойын - сауық компаниясы. Оның топтамасында CBS, Showtime Networks, Paramount Pictures, Nickelodeon, MTV, Comedy Central, Paramount+ және Pluto TV сияқты танымал брендтер бар. Компания саладағы ең ауқымды теле және кинофильмдер кітапханаларының біріне иелік етеді. Инновациялық ағындық және цифрлық өнімдерден басқа, Paramount мазмұнды өндіру және тарату, сондай - ақ жарнамалық шешімдер мүмкіндіктерін ұсынады.

Оқи отырыңыз
Дора поможет детям в Казахстане учить английский язык
Глобальная медиагруппа Paramount объявляет триумфальное возвращение культовой героини в оригинальном анимационном шоу для дошкольников «ДОРА».
Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күнге көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады
«Келесі оқу жылынан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс кестесіне көшуі тиіс. Бұл тек кем дегенде 1, 5 млн мектеп оқушысы үшін қосымша 36 күн демалыс ғана емес.
Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды
Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық болып отыр.
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.