Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

20 мам 2012, Жексенбі
21 ақпан- Халықаралық ана тілі күні
Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті
« Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай тіл. Бұл сөзіміздің растығын кезінде шығыстанушы, этнограф В.В. Радловтың сөзіне аңғаруға болады: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұраққа жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді». Бұл тұрғыда кезінде ұлы Абай да:

Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ата тіліне таңырқап, жоғары баға берген. Сол себепті де өз ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалай отырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы бұзылмаған саф таза күйінде жеткізу - барша адамның парызы.

Ана тіл туралы қанатты сөздер:
Тілін білмеген түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады.

Ғабит Мүсірепов
Қазаққа сөз дарыған,
Бір сөз үшін семіріп,
Бір сөз үшін ауырған...
Асан Қайғы

Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы - елдің елдігін, жұртшылығын, мәдениетін, жауынгерлік дәстүр - мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөздің дәлелді мөлшері.
Бауыржан Момышұлы

Қазақ тілінің байлығы-қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білу керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
С. Аманжолов
Қазақ халқы тіл өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қонар жайсаңы да біздің қазіргі өміріміз.
М. Балақаев
Тіл- өмірмен өзектес жанды құбылыс.
Рабиға Сыздықова, ғалым

Түркі тілдерінің ішіндегі ең суретшіл, образды тіл-қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
С.Е. Малов
Қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар-шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті- аса бай әрі жан-жақты.
П.М. Мелиоранский
22 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл – халық қазынасы
Тіл – халық қазынасы
«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Ана тілім - ардақтым
Ана тілім - ардақтым
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем...
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем...
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектеп Салихова Айымгүл Мәдиқызы
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Ана тілі – қадірлеп ұстайтын байлық
Ана тілі – қадірлеп ұстайтын байлық
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×