Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілі – жүрек үні

17 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана тілі – жүрек үні

Мақсаты: 1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.
2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
2 - жүргізуші: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.
1 - оқушы: Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
2 - оқушы: Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
3 - оқушы:
Ана тілі - бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді анаңның,
Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
4 - оқушы:
Ана тілің - біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
5 - оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
6 - оқушы: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай,”Ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды’’
7 - оқушы: Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілі - дамыған, жетілмеген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын, кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.
8 - оқушы: Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен шық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
9 - оқушы:
Ең бірінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
10 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
11 - оқушы:
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер:
1. Білім кілті - тіл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
5. Тіл - көңілдің кілті.
Сынып сағатымыздың соңында ұлы адамдардың ана тілі туралы айтқан нақыл сөздерін айтып қорытындылаймыз.
Мысалы:
Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
21 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Тіл мерейі, ел мерейі
Тіл мерейі, ел мерейі
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Тіл  - достықтың кепілі
Тіл - достықтың кепілі
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×