Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл – халық қазынасы

30 мам 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тіл – халық қазынасы


«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.
Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен дарып, қалыптасады.

Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Осы Заңның 4 - ші бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан - дүниеміздің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт - дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.
Мен еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін.
Тіліміздің туын әрқашан жоғары ұстайық!

Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана тілім биік туым, айбыным.
Арманға да айырбастай бермейтін.
Тілісің сен ішімдегі қайғының.
Жігіт бірде кедейленер байырда,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырсаң да, қымбаттымнан талай бір,
О, тәңірім, тек тілімнен айырма!
(Тұманбай Молдағалиев)
102 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, «Ақбота» шипажай типті бақшасы тәрбиешісі Жұбатова Күміскүл
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тоғасбаева Қаламқас Қалибекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×