Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жан анашым (студент шығармашылығынан)

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Жан анашым!
Ана - деген бақыт қой ол, ақ арман.
Ана - деген күтіп алар таң алдан.
Сол ананың құдіретінен нәр алып.
Барлық пенде сол анадан жаралған.
Ана - деген кім десе егер маған.
Ана - деген таң дер едім алаулаған.
Бұл өмірде қанша тәтті болса да,
Өз жанымды берер едім мен оған.
Жан бар ма екен жақын болған анадан.
Бейнетіңнің - зейнетін көр баладан.
Аялаған, мәпелеген, өсірген.
Айналайын, айналайын анадан.
Ақылшымсың, аяулы жан - анашым.
Бір мен үшін биіксің сен, дарасың.
Қиындықта қасымыздан табылар,
Ерекше ғой, бізге деген қарасың.
Жан анашым таянышым, тірегім.
Өмірдегі бар бақытты тіледім.
Әрқашанда бізді «жақсы» болса деп,
Лүпілдейді нәзік, қамқор жүрегің.
Менің анам ақыл - ойдың данасы.
Менің анам ұл - қызының панасы.
Үйрететін оқушыға жалықпай,
Менің анам мың баланың анасы.
Анашым, біз қарызбыз өзіңізге.
Мәпелеп, әлдилеген сөзіңізге.
Тілеріміз бұл өмірде біздің сізге,
Түспесе екен, деймін әжім жүзіңізге.
Гүлін берген, жырын берген даламның.
Мейіріміңнен - күндей жылу табамын.
Өзің артқан үмітіңді ақтап мен,
Жарқыраймын, биік шыңнан жанамын.
Келдіңіздер, ақ батаны бізге беріп.
Сол батамен келеміз біз де өніп.
Ұл - қызымен қуанышта бірге болып,
Ата - анам отырса екен 100 - ге келіп
9 737
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Анама хат
Анама хат
Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрлан Нұрсұлтан
Анашым
Анашым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сарсенқызы Толқын
Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×