Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ислам дінінің тәрбиелік мәні

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Дінтану негіздері
Сыныбы: 9

Тақырыбы: Ислам дінінің тәрбиелік мәні (слайдымен)

Мақсаты: тақырыбы мен идеясын ашу.
Білімділік: оқушыларда мұсылман салт - жоралары мен ұйғарымдары туралы түсінікті кеңейту, тақырыптың идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушыларды сын ойлау, баяндау, іздену, салыстыру арқылы ислам дініндегі халал мен харамды ажырата білуге үйрету және дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайдтар.
Сабақтың формасы топтық және жұптық жұмыс.
Сабақтың әдіс - тәсілдері модульдік және сыни тұрғыдан оқыту технологиясының элементтерін қолдану арқылы өткізілетін факультатив сабақ.
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың алдына мақсат қою
3. Жаңа тақырыпты оқып үйрену жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Алла туралы ән тыңдау
3. Оқулық мәтінімен топтық жұмыс (оқушыларға тапсырма беру)
1. «А» тобына: 184 - 187 беттегі «Ислам дініндегі әйел мәселесі» оқу, әңгімелеу, талдау.
2. «Б» тобына: 181 - 182 беттегі «Неке салттары» оқу, әңгімелеу, талдау.
3. «С» тобына: 179 - 181беттегі «Туылған балаға қатысты ислами шаралар» оқу, әңгімелеу, талдау.
4. «Д» тобына 183 - 184 беттегі «Жаназа рәсімдері» оқу, әңгімелеу, талдау.
5. «А», «Б», «С», «Д» топтары ретімен оқығанын, түсінгенін сыныптастарына әңгімелеп, түсіндіріп тұжырым жасайды.
4. Оқушыларға екіге бөлінген парақтар таратылады. Оның он жағына өздеріне ұнайтын жақсы қасиеттерді жазады, ал сол жағына жаман қасиеттерді жазады. Парақтың он жағын жыртып алып күнделіктерінің бас жағына жабыстырып қояды, ал сол жағын жыртып, мұғалімге береді.

5. Өлең «Нағыз мұсылман» оқу.
Шыр етіп осы өмірге келген едің,
Көз ашып жарық күнді көрген едің,
Молдалар азан айтып ат қойғанда,
Мұсылман қауымына енген едің,

Мұсылман болдың алғаш шаш алғанда,
Құран оқып, қырқыңнан шығарғанда,
Құран - кәрім Алланың қорғанышы,
Қасиетімен емдеді шошынғанда.

Тұсау кесер тойына молда келіп,
Тұсауыңды кестірді бата беріп,
Ала жіпті кескенде қадам бастың,
Жалғыз Алла өмірде болсын серік.

Сүндет той - есіңді білген кезің,
Алланың ақ жалына түскен едің,
Осы кезден сен нағыз мұсылмансың,
Ұмытпа тән тазалығын сақтағаның.

Мұсылман болып келген соң осы өмірге,
Ақ некеңді кім қиды үйленгенде -?
Мұсылманның ақ жолы, Алла жолы,
Ақ жолмен жүр сыйынып бір тәңірге.

Өмірде бар он ағын, теріс ағын,
Абзал болар иманыңды сақтағаның,
Әз - әзілдің соңынан ере көрме
Деп жазылған Құранда мұсылманым,

Тіл мен дінді қадірле өміріңде,
Құран - кәрім орнасын жүрегіңде
Арақ пен шарапқа тойып алып,
Мұсылманның атына кір келтірме.

Мұғалімнің қорытынды сөзі; «Ислам діні сендерді харам мен халалды ажыратуға үйретеді, қыз баланы, әйелдерді, ер азаматтарды, үлкендерді құрметтеуге, жетім - жесірлерге жәрдемдесуге, ұрлық, зорлық - зомбылыққа, адам өмірін қиюға бармауға, жан - тәнді таза ұстауға тәрбиелейді, білім қууға шақырады.
Өзге діндерді қайтеміз, сонау VII ғасырдан бері келе жатып, өзінің қазіргі заманда өзектілігін сақтап қалуы, осы діннің адамзатқа әкелген жақсылығын мол емес пе?!
Осыны мойындайық, замандастар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы Конспект Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным - cенімдердің болғандығын білдіреді.
Имандылық – инабаттылық мұраты
Имандылық – инабаттылық мұраты
Салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Ислам ілімінің шығу тарихы, ғылым мен мәдениеттің дамуына әсерін дереккөздерге сүйене отырып, даму тарихын түсіндіру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, ислам дінінің ерекшелігін, миссионерлікпен айналыспау себебін талдау.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×