Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз Жібек жыры (семинар сабақ)

11 қараша 2014, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры
Мақсаты:
1. Жырдың тақырыбын, идеясын анықтай отырып, басты кейіпкерлер Төлеген мен Жібек бейнесін жан - жақты ашу. Жыр желісі туралы білімдерін ортаға салып, қорытындылау.
2. Махаббатты, достықты қадірлеуге, сөзге тұрақты, сезімге берік болуға, салт - дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу.
3. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып айту.
Типі: СТО
Түрі: қорытынды сабақ
Әдісі: ой шақыру, топтастыру, талқылау кестесі, соңғы сөзді мен айтайын стратегиясы, эссе.
Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар, кітаптар көрмесі, «Қыз Жібек» фильмі.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабақтың мақсатымен таныстырып, үй тапсырмасы, шығарма мазмұнына құрылған тест жұмысы. (интерактивті тақтамен тексеріс өткізу)
15 сұрақтың 13 дұрыс болса -«5» деген баға
10 дұрыс болса – «4»
8 дұрыс болса - «3»
5 дұрыс болса «2» деген баға қойылады.

1. Базарбайдың Төлегеннен бұрын қанша ұлы болды?
А. 6.
Ә. 7.
Б. 8.
В. 9.
2. Базарбайдың ұлдары қалай опат болды?
А. Жол апатына ұшырады.
Ә. Жау қолында қалды.
Б. Оба ауруына ұшырады.
В. Шетінеп кетті.
3. Төлеген мен Сансызбайдың арасы неше жас?
А. 9.
Ә. 5.
Б. 3.
В. 7.
4. Төлеген қай жасында қалыңдық іздеуге шықты?
А. 10.
Ә. 11.
Б. 12.
В. 13.
5. Төлеген өзіне лайық қалыңдық барын кімнен естиді?
А. Көршісінен
Ә. Анасынан
Б. Досынан
В. саудагерден
6. Төлеген елден қанша жорға алып шығады?
А. 40
Ә. 100
Б. 200
В. 250
7. Төлеген мен Жібекті таныстыруға кім себепші болады?
А. Шеге Ә. Қаршыға Б. Қасындағы қосшылары В. Жібектің жеңгесі

8. Жібектің әкесі кім?
А. Сырлыбай
Ә. Тоқтарбай
Б. Қарабай
В. Сарыбай

9. Жібектің қанша ағасы бар?
А. 3
Ә. 6
Б. 7
В. 5

10. Төлеген кімнің қолынан қаза табады?
А. Қаршыға
Ә. Бекежан
Б. Қалмақ
В. Қарақшы

11. Төлеген өлген соң, Жібекті кім айттырады?
А. Бекежан
Ә. Қорен
Б. Шеге
В. Сансызбай

12. «Кыз-Жібек» фильмі қай жылы шыққан?
А. 1980ж.
Ә. 1960ж.
Б. 1970ж.
В. 1990ж

13. Сценарийдің авторы кім?
А. А. Құнанбаев.
Ә. Ғ. Мүсірепов
Б. С. Мұқанов

14. Жібектің рөлін сомдаған актриса?
А. Айгүл Иманбаева
Ә. Меруерт Өтекешова
Б. Фарида Шәріпова

15. Жырдың сюжеті қандай?
А. жігіттің елін қорғауы
Ә. жігіттің егін салуы
Б жігіттің үйленуі

ІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту
Ит - ның көмегімен «Қазақтың қызы» атты әнді қойып, әрі қарай әңгімеміздің жалғасы қандай болмақ деген сұрақ қоямын (оқушылардың жауабы).
Әрине, бүгін «Қыз Жібек» жыры бойынша білімдеріңізді толық көрсетіп, сарапқа саласыздар. Топтастыру:
І топ
Топтастыру арқылы «Қыз Жібек» жырының мазмұнын айту.
ІІ топ
«Қыз Жібек» жырының кейіпкерлеріне топтастыру жасау.
ІІІ топ
«Қыз Жібек» жырындағы салт - дәстүрлерді топтастыру.

Иә, дұрыс айтады. Ендеше сіздерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сіздерге талқылау кестесінің сұрақтары жасырынып жатыр. Әр топ өз сұрақтарының жауаптарын алдарыңдағы флипчартқа түсіреді.
Талқылау кестесі:
І топ
Не болды
1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.
2. Төлегенді Ақжайық сұлуларын кім ынтық етеді, Ақжайыққа жөнелуі.
3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?
Дәлел. ІІ топ
1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?
Дәлел. ІІІ топ
1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?
Дәлел
Фото жұмбақ: Мына үзіндіде Төлеген мен Жібектің бір - бірімен әңгімелесіп отырғаны берілген. Бірақ дыбысы шықпай тұр. Сіздер Төлеген мен Жібектің не туралы сөйлесіп отырғанын болжап, диалог құрайсыздар. Диалог құру барысында кейіпкерлердің бет - ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңыздар (диалог тыңдалады).

ІІІ. Қорытынды бөлім: Ал енді соңғы сөзді мен айтайын деп, үш топ өз ойларын қорытындылайды.
І топ. Төлегеннің әкесі Базарбайдың баласына қойған талабы дұрыс па? Теріс бата туралы не айтасыз?
ІІ топ. Төлегеннің жырдың басынан жасаған іс - әрекеті дұрыс па? Қазіргі қоғамда ондай ер азаматтар бар ма?
ІІІ топ. Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шығуы дұрыс па?
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы: «Махаббат деген....» тақырыпқа жырдан алған әсерлерің бойынша эссе жазып келу.
13 445
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз Жібек жырынан үзінді
Қыз Жібек жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағымның жырларын ғажап дер ем. Қыз Жібектей қыздары ару болса, Төлегендей ұлдары батыр дер ем.
Қыз Жібек - жыр, опера, кино
Қыз Жібек - жыр, опера, кино
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр - опера - кино
Қыз Жібек жыры
Қыз Жібек жыры
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бекебаева Гульзада Муратовна
Қыз Жібек жырындағы ғашықтар бейнесі
Қыз Жібек жырындағы ғашықтар бейнесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №17 мектеп - гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенова Жайлыгүл Келмағанбетқызы
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
"Қыз Жібек" жырындағы Төлеген мен Жібек бейнесі
"Қыз Жібек" жырындағы Төлеген мен Жібек бейнесі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бопатаева Динара Тондыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×