Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмед Йүгінекидің "Ақиқат сыйы" дастаны

24 қараша 2014, Дүйсенбі
Әдебиет 8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ахмет Йүгінекидің өмірі және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, дастандарындағы имандылық, көркем мінез мәселелерін үйрету;
Дамытушылық: ислам дәуірі әдебиетінің өкілдері туралы білімдерін кеңейту, осы кезең ақындарының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әдеби теориялық білімдерін жетілдіру;
Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, жан дүниені таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі, әдіс‐тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ‐жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу;
Ә) класс тазалығына мән беру;
Б) оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

II. Өткенді қайталау кезеңі
Сұрақтар:
Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырлардың арасын қамтиды?
(б. з. д. VІІ - V ғ. Б. з. ХV ғасырына дейін).
Қандай дәуірлерге бөлінеді? Қалай жүйеленеді?
(1. Заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн дәуірлеріндегі жазу‐сызулар, аңыз‐жырлар б. з. д. 7−5ғғ. Б. з. 5ғ.;
2. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет 5−8ғ.;
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет 9−10 ғ.;
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет 10−12 ғ.;
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет 13−14ғ..)
Есік қаласынан табылған Алтын бекзаданың жанындағы күміс тостағанда қандай жазу бар еді?
(«Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық‐түлік мол болғай!» деп жазылған).
Алып Ер Тоңаны «Шаһнама» кітабындағы көркем бейнесі қалай аталады? (Афрасияп).
Алып Ер Тоңаны жоқтауды қай ғалым жазып алған? (Махмұт Қашқари)
Орхон ескерткіштері қай дәуірде, қай ғасырда жазылған? (Түрік қағанаты дәуірінде, 8 ғасыр).
Не себепті «Орхон ескерткіштері» деп аталады? (Монғолиядағы Орхон өзені маңайынан табылғандықтан).
Орхон ескерткіштері кімдерге арналып жазылған? (Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке).
Жырдың идеялық мұраты не? (Ел тәуелсіздігі мен бірлігі. Елге қорған болған батырларды дәріптеу).
Қорқыт ата кім? Қай ғасырда өмір сүрген? (Әулие, сәуегей, жырау, күй атасы. 8‐ғасырда өмір сүрген).
«Қорқыт ата кітабында» қандай нақылдар бар?
Қорқыт ата нені іздеген? Іздегенін тапты ма?
«Оғыз қаған» жырындағы Оғыздың ұлдарының аты кім? (Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз).
Оғыз қаған қай елмен соғысты? (Үрім қағанмен)
Әбунасыр әл‐Фараби кім? Қандай ғылым саласында еңбектер жазған?
Әбунасыр әл‐Фарабидің қандай өлеңдерін білесіңдер?

IIІ. Жаңа сабақ. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны
Ахмет Йүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — орта ғасырлық ақын, хакім, ойшыл. Йүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен.
Ахмед Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім - білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан - жақты зерттеп - танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл - ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең - жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “Һибуат - ул - хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбунасыр әл - Фараби, Махмуд Қашқари, Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

«Ақиқат сыйы» дастанының мазмұнынан айқындалатын мынадай құндылықтар жүйесі бар. Біріншіден, Алла тағала – абсолютті құндылық. «Өліні тірі, тіріні өлі етеді». Бүкіл құдіреттің иесі ұлы бір Құдай. Екіншіден, бақыт жолы тек білім арқылы танылады. Құны жоқ бақыр мысқа теңелгенше, білім арқылы жоғары көтеріліп ғалым болуды үндейді. Үшіншіден, дүние соңында қанша жүгіруге болады? Байлық пен кедейлік тек Алланың ісі. «Күллі қатенің басы – дүниеқұмарлық». Төртіншіден, жомарттық пен сабырлыққа ұмтылу. «Алла сабырлылықты сүйеді, өйткені әр қасіреттің соңы қуаныш». «Жақсылықты үміт етсең, сабыр ет». Бесіншіден, қулық - сұмдық, сұмырайлық, жауыздық, арамдық пен қаныпезерлікті біріктіретін залымдықтан сақтану. Ғалымның еңбек етуінен, оқымыстының би билеп, ән шырқауынан, тақуаның сиынуды қойғанынан қорықты. Бейбастықтарды тыятын адамдардың қалмағанын, олардың көбейгенін қынжыла айтты.

Ахмет Йүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты “Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі” деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 572
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қаблетін дамыту.
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды, тұрмыс - тіршілікке тартымды кеңестер береді, байлыққа құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Абдрахманова Айсұлу Смағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×