Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі дәуір әдебиеті

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
16. Ежелгі дәуір әдебиеті
17. Алып – Ер Тұңғаны жоқтау
18. Орхон ескерткіштері (VIII ғ.)
19. Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)
20. Оғыз қаған жыры


Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті.
Сабақтың мақсаты: а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.
Ұлан - байтақ қазақ жері — ең кемінде 3 - 5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін - ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып - сақ (қыпшақ), т. б. Көшпелі сақтар жайын - дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.
Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII — V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.
Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз - жырлар бар.
Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш - терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс - тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең - байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін - дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.
Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан - ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбалары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жазуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.
Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т. б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тілі болды.
Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз - әңгімелер бар

Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
8 224
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз
Сөз құдіреті (күнделікті сабақ жоспары)
Сөз құдіреті (күнделікті сабақ жоспары)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Оғыз-нама жыры
Оғыз-нама жыры
Сабақтың тақырыбы: «Оғыз - нама» жыры.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×