Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылым мен білімнің дамуы

23 мам 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:. Ғылым мен білімнің дамуы (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан - жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың тарихи - ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім - тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың Әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме
Көрнекілігі: суреттер, таблица, сөзжұмбақ, мақал - мәтелдер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың негізгі ұғымдары:
Әбу Насыр әл - Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл - Бируни еңбектері, Махмұд Қашқаридің кітаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмед Иүгінеки шығармасы, Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық» кітабы, Сүлеймен Бақырғани шығармалары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау. Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады. Қазақ халқында исламға дейін қандай наным сенімдердің элементтері сақталған? Ислам діні туралы не білесіңдер? Ғылымның, жаңа технологиялардың дамыған заманында адамдардың дінге сенуін қалай түсіндіресіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әбу Насыр әл - Фараби еңбектері.
2. Әбу Райхан әл - Бируни еңбектері.
3. Махмуд Қашғари - «Түрік тілдерінің сөздігі».
4. Жүсіп Баласағұни - «Құт негізі білік».
5. Ахмет Иүгнеки - «Ақиқат сыйы».
6. Қожа Ахмет Йасауи - «Даналық кітабы».
7. Сүлеймен Бақырғани шығармалары
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.
1. Ғылым дегеніміз не?
2. Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер?
3. Ғылым, білім туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
«Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы»,
«Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім, ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, төмендегі кесте бойынша түсіндіремін

Ғалымдардың аты - жөні
Зерттеген салалары мен бағыттары
Еңбектері

ІҮ. Сабақтың бекіту:
1. Әбу Насыр әл - Фараби қай жерлерде білім алған?
2. 2. Әбу Райхан әл - Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
3. Махмуд Қашқаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
4. «Құт негізі - білік» кітабы несімен ерекшеленді?
5. Қожа Ахмет Йасауидің әулиелігі неде?
6. «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 487
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы Конспект 10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл - Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің Тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×