Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктен өткенді қайталау

20 қазан 2012, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Алдыңғы сабақтарда өткенді еске түсіріп, қайталау арқылы алған білімдерін қорытындылау, Етістіктің түрлері мен жасалуының қолданысын ұғындыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттырып, өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын дамыту
3. Тәрбиелік: Ана тілінің құдіретін ұғындырып, байлығын сезінуге, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың тазалығын тексеру
Оқушыларды түгелдеу
Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 263 - жаттығу мәтінді түсініп оқып, оның ішінен тұйық етістіктерді сөздерді теріп жазу.
2. Тұйық етістік дегеніміз не?
3. Жасалу жолы қандай?
4. Емлесі айт.

ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Етістіктен өткенді қайталау Сендер бүгінгі сабақта етістіктер туралы алған білімдеріңді көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындау арқылы етістіктің түрлерін еске түсіресіңдер.
Мына өлең жолдарын мәнерлеп оқып оның ішіндегі етістіктерді тауып қай түріне жататынын еске түсірейік
Туған жерің - түп қазығың, айбының,
Туған тілің - сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр, салт - санасы тірегің,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихың,

Еске алуға қаншама ayыр әрі,
Қасіретті болса да
Қасиетті бұл төрт ана,
Тағдырыңның тынысы.

ІV Сабақты меңгерту
Оқулықпен жұмыс
1. 266 - жаттығу Мәтіннен күрделі етістіктерді дәптерге жазып негізгі және көмекшісін ажырату.
1. Мәтінді оқыту
2. Мәтіндегі қиын сөздермен сөздік жұмыс жасату

Үдере - жалпылай, түгел
Жырылып - бөлініп, бөлектеніп
Титықтағанда - шаршағанда, әлсірегенде
Ыдырай - шашырап

Мәтіннен екі сөйлемді сөз таптары мен сөйлем мүшелеріне талдау
Топтық жұмыс
1. Т кестесі болымды, болымсыз етістіктер
2. Семантикалық карта етіс түрлері
3. Вен диаграмма Сабақты салт етістік түрлері

1. Барма, оқы, сұра, ұмытпа, кешікпе, өшір, шулама, секір, боя, айтпа.
Үлгі:
Болымды: оқы,
Болымсыз: барма,

2. Семантикалық карта
--------------------- ортақ ---өзгелік ---- ырықсыз ------ өздік
- дыр, - дір,
- ғыз,- гіз,- т
- ыл,- іл,- л
- ын,- ін,- н
- ыс,- іс,- с

Шығармашылық жұмыс
Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Ана тілі – ардағым» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Тірек сөздер: үйрену, сөйлесіп, оқыған, қадірлейді, қорғаймыз.
Өзіндік жұмыс
1. Сызба бойынша туынды етістік құраңдар құрау
Зат есім+ сөз тудырушы жұрнақ
Сын есім+ сөз тудырушы жұрнақ
Диктант Есімше, көсемшелерді тауып талда
Жаңылтпашты жасынан көп айтып дағдыланған бала тілін ширатады. Ол небір қиын сөздерді айтқанда тұтығып, қиналмайтын болады. Ондай бала өзіне бейтаныс сөздерді үйренеді, тілін байытады.

V Сабақты қорыту
1. Сөзжұмбақ «Етістік»
1. – ыс, - іс, - с қандай жұрнақ?
2. – у жұрнағын жалғайтын етістік
3. «кел, бар, жүр» сөздері қандай етістік?
4. Табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік
5. «Таранды, ойланды» сөздері қандай етістік?
6. Етіс түрі
7. – а, - е, - й жұрнағын жалғайтын етістік

2. Топтастыру «Етістік»
VІ Үйге тапсырма
Ш. Мұртаза « Тұтқын бала» етістіктің әр түріне бір
мысал болатын сөйлем жазып келу
VІІ Бағалау

Толық нұсқасын, слайдын жүктеу
9 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау
Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, етістіктерді қайталап, жаттығу арқылы бекіту, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру, білімдерін бағалау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Күлмайра Хасенқызы
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×