Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Қара бұлт» өлеңінің мазмұнын меңгерту, ақын өлеңінің идеялық мазмұнын ашу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу тілін жетілдіру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту.
3) Тәрбиелік: Жас ұрпақты ізгілікке, мейірімділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.

Сабақтың түрі: білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: өздік жұмыс, сұрақ - жауап, іздендіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: А. Байтұрсынов суреті, шығармалар жинағы, слайд - сызба
Пәнаралық байланыс: Тарих, табиғаттану

Сабақ барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау:
Топпен жүмыс. Оқушылар топта берілген шумақты талдайды.
1 - топ. Ақын нені жақсы, нені жаман деп есептейді?
2 - топ. Ақын ауырмаған кездерін қандай күнге теңейді? Ақынның жас кезіндегі арманын, мақсатын меңзеген жолды оқу, мазмұнын түсіндіру.
3 - топ. Өлеңнің негізгі идеясы қандай? Өлеңді неге "Шығамын тірі болсам адам болып" деп атаған?

б ) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау мақсатында оқушылар А. Байтұрсынов жөнінде өз білетіндерін қағазға түсіреді.
Оқушылар топта бірлесе отыра ойларын жинақтап жазып, өзге топтармен салыстырып шығады. Ол мынадай тізбек болып шығады.

Мағынаны тану.
1. Мысал деген не?
2. Қандай ақын – жазушылардың мысалдарымен таныссыңдар?
3. Мысалдың негізгі кейіпкерлері туралы баянда.

Сәйкестендір.
Қоян - момын
Түлкі - еңбекқор
Қасқыр - қорқақ
Қой - надан
Есек - қу
Арыстан - өнерлі
Бұлбұл - азулы

Мәтінмен жұмыс
1.« Қара бұлт» өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын қара сөзбен баяндата отырып, әр шумақтағы негізгі ойды анықтау.
2. Рөлге бөліп оқыту. Бір оқушы тау, бір оқушы автор рөлінде өлеңді оқиды.
3. Сөз маржан. Шығармадағы мағынасы түсініксіз сөздерді тауып, мазмұнын ұғындыру:
Аптап – өте ыстық
Көк – аспан
Пәрменінше – бар күшімен, т. б.
4. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою.
- Ақын мысал өлеңде не жайында айтады?
- Қара бұлт арқылы өмірде қандай адамдар бейнеленеді?
- Тау сөзімен адамдар бойындағы қандай мінез - құлық суреттеледі?
- Мысалдағы қара бұлттың мейірімсіздігі, мақтаншақтығы қалай суреттеледі?
- Соңғы шумақтан қандай ой түюге болады?

Топтық тапсырмалар:
1 - топ. Бес жолды өлең
1. Бұлт
2. Шуда бұлт, ақша бұлт
3. Қалқиды, ұшады, түнереді
4. Аспанда ақша бұлттар қалықтайды
5. Қайырымсыз

2 - топ. РАФТ әдісі
1. Рөл - тау
2. Аудитория - бұлт
3. Форма - өтініш
4. Тақырып - жанашырлық
Қара бұлттай жерге жаумай, суға жауған секілді әс ететін адамдар бүгінгі қоғамда да бар. Әр адамдар өз бойындағы бар өнерін тиісті орнына жұмсап, қолынан келген - ше туған халқына, еліне көмегін тигізуі қажет.
3 - топ. Өлеңге сатылай талдау жасау

1. Авторы - А. Байтұрсынов
2. Тақырыбы - қайырымсыздық, асыл қасиеттер
3. Жанр түрі - поэзия, мысал
4. Идеясы - мейірімді, рақымшыл болу
5. Шумақ - 4
6. Тармақ - 16
7. Бунақ - 3
8. Ұйқас – ААБА - қара өлең ұйқасы
9. Әдеби - теориялық ұғымдар - мысал, диалог

Ой толғаныс
Үш топқа сұрақтар беріледі, сол сұрақтарды топта талдап, ортақ ойларын ортада баяндайды.
1 - топ. Қайырымдылық деген не? Оны кімдерге жасау керек?
2 - топ. Қайырымдылықты кімдер жасай алады? Қай кезде жасау қажет?
3 - топ. Бүгінгі қоғамдағы қайырымдылық іс шаралар туралы айт.
Сабақты қорыту.
1. Бағалау. Әр топ өздеріне берілген бағалау парақшаларына тиісті бағаларын қояды.
2. Үйге: а) Өлеңді түсініп оқу, жоспар құру
ә) Мысал мазмұны бойынша сурет салу.
8 055
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
А. Байтұрсын ұлы «Қара бұлт» өлеңі (6 - сынып)
А. Байтұрсын ұлы «Қара бұлт» өлеңі (6 - сынып)
Сабақты мақсаты: А. Байтұрсынұлының өміріне шығармаларына тоқталу. «Қара бұлт» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңнің мағынасы ашу, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге машықтандыру.
А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңін оқыта отырып, ақын және аудармашы - сыншылығын таныту, дәлелдеу, өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта, мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту, қазақ әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×