Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім – экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Мұғалім – экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға

Қазіргі кезде экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады.
Заман талабына сай экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экология - организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы, өзара қарым - қатынасты зерттейтін дербес ғылым ретінде XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптасты. «Экология» терминін алғаш рет неміс биологы Эрнест Геккель (1834 - 1919) өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы»., еңбегінде ұсына отырып, оның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердің эволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралғандығын дәйектейді.

Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат - қоғам - адам» жүйесіндегі қарым - қатынастардың шиеленісуі жылдан - жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жодауында «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық - инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық - түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік - модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын»- делінген.

Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әрбір кластар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және керек.

ҚР Конституциясының 31 - бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15. 07. 1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73 - 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі, үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер ҚР - ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 573
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Экологиялық аймақтар туралы мағлұмат бере отырып экология ұғымын жан - жақты ұғындыру.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру.
Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру.
Балқаш қаласы, Қоңырат қонысы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектептің технология пәні мұғалімі Қасатова Бақыт Төлеуханқызы
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Аралдың ежелгі мәдениеті
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×