Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есімдер

19 ақпан 2015, Бейсенбі
Cабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есімнен алған білімдерін кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тілдік қоры мен ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрап, бағалау. Мәтінмен жұмыс
а) мәтінді оқу, аудару
ә) мазмұнын айту
б) мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа сабақ
Сан есім
Тақтаға тірек сызба ілінеді. Мұғалім грамматикалық тақырыпты осы сызба арқылы түсіндіреді.
Сан есім
Тұлғасына қарай: негізгі, туынды
Құрамына қарай: дара, күрдел
Мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді:
1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
5. Топтау сан есім
6. Бөлшектік сан есім

4. Сан есімге сатылай кешенді талдау
Қырық тоғыз
Бұл сөз екі құрамнан тұр: қырық, тоғыз
1. Тұлғасына қарай туынды, қырық және тоғыз сөздерінің тіркесінен жасалған
2. Құрылысына қарай күрделі, тіркесті сөз
3. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар
4. Лексикалық мағынасы – заттың санын білдіреді
5. Грамматикалық мағынасы - лексикалық мағынаның жалпылануынан туған
6. Қанша? деген сұраққа жауап береді
7. Мағынасына қарай есептік сан есім

5. Кітаппен жұмыс
1 - топқа:
Мәтінді оқып шығып, сан есімнің астын сызыңдар.

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Мақал)
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3. Атадан алтау, анадан төртеу - жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.(Мақал)
5. Мың жылқыны үш адам бағып жүр.(Ғ. М.)
6. Ер жігітке жеті өнер де аз.

2 - топқа:
Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.
Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.
1. Бір жылда... ай,... мезгіл бар.
2. Қаңтар - жылдың... айы.
3. Жылдың... айы желтоқсан.
4. Бір тәулікте... сағат бар.
5. Аптаның... күні – сәрсенбі,... күні – жексенбі.
6. Бір айда... күн бар.

3 - топқа:
Төртінші сөзіне сатылай талдау жаса

Төртінші
Бұл сөз екі құрамнан тұр: төртінші
1. Тұлғасына қарай туынды, төрт – негізгі түбір, (інші) жұрнағы жалғану арқылы жасалған
2. Құрылысына қарай дара, себебі бір ғана түбірден тұр
3. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар
4. Лексикалық мағынасы – заттың саналу ретін білдіреді
5. Грамматикалық мағынасы - жалпы грамматикалық мағына – сан есім
6. Нешінші? деген сұраққа жауап береді
7. Мағынасына қарай реттік сан есім

Суретке қарап сан есімді кірістіріп мәтін құрастырыңдар
Бірінші топқа: қамшы
Екінші топқа: домбыра
Үшінші топқа: жылқы

Сабақты бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: Сан есімдерді қатыстырып, бес сөйлем құрап жазып, оған сатылай кешенді талдау жасау.
12 149
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп – гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Қалабазарова Жанна Әлсейітқызы
Есептік, реттік сан есімдер (күнделікті сабақ жоспары).
Есептік, реттік сан есімдер (күнделікті сабақ жоспары).
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан
Сан есімдер
Сан есімдер
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×