Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептік, реттік сан есімдер (күнделікті сабақ жоспары).

03 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден ауылы
Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларға сандарға қатысты ұғым бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау, жылдамдыққа, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кесте, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: 161 – жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазып келу.
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары қандай?
3. Дара сан есім дегеніміз не?
4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер
Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер.
Құрылысына қарай - Дара сан есім: Бір, мың, жүз, миллион
Күрделі сан есім: Мың-мыңдап, екі-үштен, бір мың
Құрамына қарай - Негізгі сан есім: Он, бес, жүз, тоғыз
Туынды сан есім: Алт(ы)ау, жүз мың, сексен (сегіз он) он-оннан
Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
5. Топтау сан есім
6. Бөлшектік сан есім
1. Есептік сан есім – заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір, т. б.
2. Реттік сан есімдер - заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, т. б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда жазылу реті төмендегідей болады. (емлесі түсіндіріледі).
1. Ол 6-қатардан орын алды.
2. Шығарманың II томы.
3. 1961 жылы Ю. Гагарин ғарышқа ұшты.

IV. Дәптермен жұмыс.
162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік, реттік сан есімдерді теріп жазу.
Үлгі: екі жүз тоғыз - есептік сан есім, құрамына қарай күрделі , сұрағы - қанша?
163-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып, сөзбен есеп құрастыру.
Үлгі: Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді. Оның 600-і математика, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі, 280-і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауыш сыныпқа қанша оқулық әкелінген?
164- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 369, 2692.
Үлгі: 7-жеті-жетінші;
V. ВЕНН диаграммасы.

Есептік сан есім
Ортақ қасиеті
Реттік сан есім

VI. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40. деген сандардың жалпы адамның өмірі, наным—сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры » тақырыбына пікір жазу. Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жасау.
2-деңгей. Санмен берілетін ұғымға байланысты қанатты сөздер, түсініктер, мақал- мәтелдер айту. Ұқсастырып өз ойынан сан есімге байланысты жаңылтпаш, санамақ, мақал- мәтел ойлап шығару.
Мысалы: Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек, , бес парыз, бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес, т. б.
3-деңгей. Оқулықтағы 166-жаттығу.

VII. Сергіту сәті.
1. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.
2. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг
бидай жейді?
Жауабы: 1 кг
3. Қай айда 28 күн бар?
Жауабы: Барлық айда
4. Лимонның жартысы не болады?
Жауабы: Лимбес
5. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жауабы: “а” әрібі

VI. Сабақты бекіту. БҮҮ кестесін толтыру.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Есептік, реттік сан есімдердің ережесін жаттап, көркем әдебиеттен 5 мысал жазып келу.
79 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Тамара Жетписбаевна
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Сан есімдер
Сан есімдер
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×