Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есім туралы бұрынғы алған білімдерін қайталау, еске түсіру; Сан есімнің есептік, реттік түрін ажырата білу; Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Есептік сан есімді реттік сан есімге алмастыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қағаздар.


Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

II Өткен сабақты пысықтау.
• Сын есім дегеніміз не?
• Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
• Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланысты?
Сызбамен жұмыс

Сын есім
Сұрақтары Қандай? Қай?
Құрамы - Дара Күрделі
Негізгі Туынды

III Жаңа сабақ. Ой қозғау
нешінші? - заттың санын
неше?
қанша? - заттың ретін

Тірек - сызбаны пайдаланып, ереже шығару.
1. Жұмбақ шешу:
Алты аяқты,
Төрт құлақты
Қос ауызды
Төрт көзді -
Қыр кезді
Шешуі: Аттылы адам.
2. Дәптермен жұмыс.
А) Бүгінгі тақырып
Ә) Көркем жазу. Ж ж Ж ж

3. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Орындау кезінде сан есімдердің зат есіммен байланысатынын естеріне түсіру.
2 - жаттығу
Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазу. Дауысты дыбыстармен аяқталған сан есімдерге – ыншы,- інші жұрнақтары жалғанатынын айту.

4. Парақшалармен жұмыс
Керісінше цифрмен жаз.
Тәулік __________________
Сағат ___________________
Мүшел _________________
Жарты _________________
Тәуліктің жартысы _______

3 - жаттығу
Берілген суретке сөйлем құрастыру және есептік сан есімді, оның сұрақтарын қайталау.

5. Сергіту сәті: Он, жиырма, тоқсан, жүз,
Тойлаймыз ата тойын біз.
Ғабит ата өзіңдей,
Біз жазушы боламыз.
Жазған аңыз, ертегіңді
Ынта қоя оқимыз.
Ойымызға тоқып, біз,
Ер жетеміз, өсеміз.
Тапсырма: сан есімдерді тауып, түрлеріне қарай ажырату.

6. Ойын «Кім тапқыр?» Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек.
1....... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2....... теңгең болғанша,..... досың болсын.
3....... кісінің түсін білгенше,..... кісінің атын біл.
4. Білекті.... жығады, білімді.... жығады.

7. Бекіту. Тірек - сызбамен жұмыс
Сұрақтар қанша? неше? нешінші?
Құрамына қарай Дара күрделі
( Негізгі) (Туынды)
Мағынасына қарай
реттік есептік

8. Қорытындылау:
Қазақша күн аттарын реттік сан есімі бар тіркестер түрінде жазу.

Үлгі: Дүйсенбі - бірінші күн
Сейсенбі _______________
Сәрсенбі _______________
Бейсенбі _______________
Жұма _______________
Сенбі____________________
Жексенбі _______________

ІІІ. Бағалау:
ІV. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу
Сан есімді сөзбен жазып, мағыналық түрлеріне қарай ажырату. Ереже жаттау.
8 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×